Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ел алдында есеп берді

             Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ел алдында есеп беру жиыны өтті. Жетісулықтардың жұмыла көтергенің жүгінің  арқасында жемісті де жеңісті жыл болды. Олай деуге себеп те көп. Көз алдында көрінген жүйелі істер ел еңсесін тіктеп, өңір тұрғындарын тамашаға бөледі. Облыстың даму барысы қарқынды көрсеткіш иеленіп, келешекке деген қадам нықталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысынан бастап түрлі салалар ерекше серпінге бөленді. Өнеркәсіп пен өңірлік өнім, тауар айналымы мен құрылыс жұмыстары қарқынды көтеріліп, инвестиция толымды болып, ауылшаруашылығы алға шықты. Иә, бұның бәрі өткен жылы Жетісулықтарға айрықша қуаныш сыйлаған айтулы жайттар қатары. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы есептік жиында толайым табысты жылдың жақсылықтарын жай-жапсарымен тарқатты.

           Жалпы өңірлік өнім 3,5 пайызға өсіп, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Ауылшаруашылығы, өнеркәсіп салаларында өсім байқалып,  бөлшек тауар айналымы, құрылыс жұмыстарының көлемі артты. Облысымызға 574 млрд. теңге инвестиция тартылып, 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 5,8 мыңға артық, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді. Бюджетке 387 млрд. теңге түсті. Есептік жиын шымылдығын ерекше даталар мен есте қаларлық қуанышты сәттер ашты. Иә, өткен жылдың әр күнінде келелі істер орындалып, тарихта қалар айрықша сәттер орын алды. Соның біршамасын өз сөзімен тарқатып өткен Амандық Ғаббасұлы алғашқы үш жайдарман жаңалықпен жұртшылықты сүйсіндірді. Алғашқысы Халықтың ұзақ жылғы қалауы орындалып, Мемлекет басшысының Жарлығымен Райымбек және Кеген аудандары қайта құрылды. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам өз туған жерлеріне қайта оралды. Екіншіден, басты байлық халық екендігі анық. Осы орайда, облыс тұрғындарының саны 2 миллионнан асып, республикадағы ең ірі аймаққа айналды. Үшіншіден, Елордамыздың 20 жылдығына байланысты Астананың төрінде Жетісудың тұмарындай болған «Жетісу» саябағы жаңартылды. Саябақтың жаңа келбеті астаналықтарды қуантып, Елбасы облыс жұртшылығының еңбегіне жоғары баға берді. Міне, таңданарлық та таңғаларлық тамашаның көшінде тұрған атлмыш қуаныштар. Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Бұл сала бойынша да білікті жұмыстар атқарылып, ауылға жағдай жасау әр азаматтың басты міндеті болды. Осы орайда озық тәжірибелер нәтижесінде аталмыш саланың алға басқанын айтқан облыс әкімі тағы бір жайдарманның жәйтін тарқатты. Халықтың 80 пайызының ауылда тұратынын тілге тиек етіп, дамыған елдер тәжірибесін пайдаланып, ауылдың әлеуметтік жағдайы көтерілгенін сөзіне қосты. Тақырып төңірегінде облыс әкімі Кеген ауданындағы мұнай саласында қызмет еткен кәсіпкерлердің қомақты қаражатты ірі қара малын өсіруге және оның етін өңдейтін кешен салуға жұмсағанын жеткізіп, кәсіпкерлерге ризашылығын айтып өтті. Иә, бүгінгі таңда жұмысын бастаған кәсіпорын 6 мың бас ірі қараны бордақылауда екен, Олар болашақта жоғары сапалы «мрамор» етін өндіріп, экспортқа шығаратын болады. Облыс әкімі халықтың өзін-өзі қамтуына жол ашатын бірден-бір сала –шағын және орта бизнес екендігін айтып, облысымыздың әр төртінші тұрғынының кәсіпкерлікке бет бұрғанын жеткізді. «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 4,4 млрд. теңгеге 265 субъекті қолдау тауып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1339 адам 6,1 млрд. теңгенің  шағын несиесін алғанын сөзіне қосты.

Облыс экономикасына туризмнің қосар үлесі жылдан жылға арта түсуде. Жалпы өңірімізге келер туристер саны 2 млн.ға жетіп, Үкіметтің қолдауымен бірқатар мәселелер шешімін табуда. Облыс әкімі туризм саласы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «ҚазақТуризмнің» бірлесе әрекет етуімен тау кластері құрылғанын айтып, жыл басынан «Ой-Қарағай – Лесная сказка» тау шаңғысы кешені ашылғанын жеткізді.

Бұдан кейінгі сөзін  ауылшаруашылығы саласында атқарылған істерге бағыттаған облыс басшысы жалпы өнім көлемінің 700 млрд. теңгеден асып, агроөнеркәсіп кешеніне 82 млрд. теңге инвестиция тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ егіс алқабы ұлғайтылып, қант қызылшасын өсіруге айрықша көңіл бөлінгеніне де тоқталды. Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің нәтижесінде соңғы он жылда жүгерінің өнімділігі арта түскенін тілге тиек еткен Амандық Ғаббасұлы  Райымбек ауданында картоп өсіру қолға алынғанын қуана жеткізді.

Картоп өсіру — Райымбек ауданының басымдық беретін бағыты

          Райымбек ауданында өткен жылдан бері өнеркәсіптік картоп өндірісі дамытыла бастады. Картоп өндірісін дамыту үшін 26 бірлік техника мен картоптың элиталық тұқымдары сатып алынып, екі сервистік-дайындау орталығы құрылды. Алғашқы 100 гектарда өнімділік 300 центнерді құрады, бұл бұрынғыдан 2 есе жоғары (187 ц/га). Облыс әкімі екі ауданның дамуына облыстың барлық аудан, қалалары өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар барлық басқару органдары құрылып, әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарының қайта қалпына келтірілгені, халықтың көші-қоны тұрақтанғаны айтылды. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам өз туған жерлеріне қайта оралды.

Алматы облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,7 трлн. теңгеге жетті

Алматы облысында өткен жылы экономиканың барлық салаларында оң динамика сақталды. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 3,5%-ке өсіп, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды. Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығында өсім 3,6%-ке (703,3 млрд.тг), өнеркәсіпте – 1,1 (883,9 млрд. тг), бөлшек тауар айналымы 7,2 (500,1 млрд.тг), құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6%-ке ұлғайды (276,6 млрд.тг). 574 млрд. теңге инвестиция тартылып (103%), 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 5,8 мыңға артық (жоспар — 25520), жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ке дейін төмендеді. Бюджетке 387 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет түсімі 16,4% өсіммен 202 млрд.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 700 млрд. теңгеден асты

Ауыл шаруашылығы Алматы облысының драйвері болып отыр. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 700 млрд. теңгеден асты, агроөнеркәсіп кешеніне 82 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін ел алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің нәтижесінде соңғы он жылда жүгерінің өнімділігі 1,5 есеге артып, 535 мың тонна өнім алынды (67 ц/га). Қазіргі таңда жүгері өсірумен 6 мың шаруашылық айналысады, оларда 19 мың адам жұмыспен қамтылған.

Алматы облысында жалпы егіс алқабы 953 мың гектарға жетті.

Облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемін 1 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр

Кәсіпорындарды цифрландыру мен инновациялық технологияларды пайдаланудың арқасында облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 884 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткішті биылғы жылы 1 трлн. теңгеге  жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды. Облыста Трансұлттық компаниялардың қатысуымен басталған 9 жобаның екеуі өткен жылы іске қосылды. Атап айтқанда, Іле ауданында «WILO» неміс компаниясының сорғы құралдарын өндіру зауыты ашылды, оның жылдық қуаты 2 мың сорғы шығаруға жетеді, инвестиция көлемі – 2,1 млрд. теңге. Сол сияқты Қапшағай қаласында қазақстандық ұннан 30 түрлі тағам өнімдері мен полуфабрикаттар дайындайтын «Маревен Фуд» зауыты ашылды. Инвестиция көлемі – 15,4 млрд. теңге, 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар өз өнімінің 80 %-тен астамын «Қазақстанда жасалған» брендімен Орта Азия елдеріне экспортқа шығарады.

Өткен жылда атқарылған істер ауқымды. Облыс әкімінің есебіне қанағаттанарлық баға берген жұртшылық жүйелі жұмыстарға дән риза. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» демекші облыс әкімінің әр ісіне қолдау танытып, қуана қабылдайтын Жектісу жұртшылығы қашан да жеңімпаздар қатарында. Есептік жиын соңында халық тарапынан сан сауал қойылып, ұтымды жауаптар берілді. Өңіріміздің өркендеуі еліміздің еңселі екендігін ұқтырып қана қоймай, қуатты да шуақты халық екенімізді анық аңғартты.

Құралбек СӘБИТОВ «Хантәңірі»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password