Жетісу өңірінде соңғы тәулікте 61 жағдай тіркелген

Алматы облысында  коронавирустық инфекциямен күресу жұмыстары жалғасуда, осыған сәйкес қажетті шектеулермен карантиндік режим сақталуда. Облыста қазан, қараша, желтоқсан айларында індеттің өсу қарқыны үдеп отыр.  Денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша елімізде аурудың максималды өсуі 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында  орын алады деп болжануда.

Жетісу өңірінде соңғы аптадағы мәліметтер бойынша  коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,7% құрап, соңғы тәулікте 61 жағдайы анықталған.

Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустың 6725 жағдайы тіркелді, оның 5758-і емделіп шықты.

«Стационарлық емдеуде 328 адам жатыр, реанимация бөлімшесінде 22, ИВЛ аппаратына 1 адам қосылған. Талдықорған қаласындағы жаңа облыстық инфекциялық ауруханасында 58 пациент ем алуда.Науқастарға барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өкінішке орай осы айда 12 адам осы індеттен көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың көпшілігі дәрігерлердің көмегіне кеш хабарласуы болып отыр»,-деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Науқастарға медициналық мекемелер жанынан құрылған 391 мобильді бригада амбулаториялық көмекті үйде көрсетуде. Тек қана желтоқсан айында мобильді бригадаға 10 мыңнан астам шақыру келіп түскен.

Бүгінде облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Қазіргі күнге 333,2 мың зерттеу жүргізілген. Желтоқсан айының 1-нен бастап 53 мың адам тестілеуден өтті, ондағы 978 тұрғында оң нәтиже анықталып, оның ішінде 339 азамат ауырғандармен қарым-қатынас орнатқан.

«Соңғы айда Талдықорған, Текелі қалаларында, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Көксу, Талғар, Іле, Ұйғыр аудандарында індетке шалдыққандар саны көп тіркелген.

Мамандардың берген ақпарына сүйенсек, Панфилов ауданы қызыл аймақта тұр. Талдықорған, Текелі қалалары, Көксу, Ұйғыр аудандары сары аймақта. Бұдан әрі кеселді өршітпеу үшін, сақтық шараларын сақтау мақсатында облыс көлемінде  8 санитарлық бекеттер жұмыс істеуде»,- дейді Батыржан Құлаймергенұлы.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай білім жүйесінеде әсер еткені жасырын емес. Негізінде өңірде  2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсанынында жалпы орта білім беретін 760 мектепте 428 574 оқушы білім алуда.  Соның ішінде 190 мектеп штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, онда 15 742 оқушы оқиды. Аурудың таралу қарқыны үдеген аймақтарда, бірқатар білім нысандары қашықтықтан оқытуға ауысқан.Нақтылап өтсек,  Панфилов ауданында 11 мектеп, Көксу ауданында -1, Текелі қаласында 1 білім ордасы онлай оқуға ауысып отыр.

Дегенмен, бұқара тарапынан штаттық режимде балаларымыз оқыса деген ұсыныстар келіп түсіп жатқаны тағы бар. Сондықтан да, ата-аналардың өтініші негізінде 4076 кезекші сыныптар ұйымдастырылып, онда  51448 (12 %) бала оқытылуда.

«ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушыларды аралас форматта оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. 11-сынып оқушылары 17703, 9-сынып оқушылары – 30776. Пәндердің 70 %-і дәстүрлі түрде оқыту жоспарланған, атап айтқанда, математика, физика, биология, география, тарих, қазақ, орыс, шет тілдері, қалған информатика, өзін-өзі тану,  көркем еңбек және т.б пәндер қашықтықтан оқытылады»,-деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

Облысымыздың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар арасында COVID-19 індетін жұқтырған  164 жағдайы тіркелген. Оның 148-і қашықтықтан білім алатын, 5 штаттық режимде оқитын мектепте, 11 кезекші сынып оқушылары.  Бүгінгі 86 бала жазылып шықты, ал қалған 78-і ем қабылдауда, деп қорытындылады облыстың бас ұстазы.

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password