Жетісуда қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр станциясы іске қосылады

      Халықты жұмыспен қамту қашанда өзектілігін жоғалтқан емес. Аталған бағытта, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының бастамасымен 12 орындық жұмыс орны ашылатын, «Mistral Energy» күн электр станциясы іске қосылады.

«Universal Energy» компаниясының қатысуымен Алматы облысының Іле ауданында күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Электр станциясының жобалық құны 13 млрд. теңге, ал қуаттылығы 50 МВт құрайды.

Жобаны іске қосу, өңірдің энергетикалық әлеуетін іске асыруға және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, заманауи технологияларын енгізуге үлес қосады.

Станцияны қолданысқа беру ағымдағы жылдың 2 сәуіріне жоспарланған.

Еске саламыз, «Mistral Energy» ЖШС 2018 жылы құрылған. Компания қызметінің негізгі түрі-электр энергиясын өндіру. «Universal Energy» компаниясы «жасыл» энергия жобаларын инвестициялауға, дамытуға, салуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге мамандандырылған.

Анар САБЫРОВА.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password