ЖЕЛІЛІК КЕСТЕДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТТАРЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

    «КАНДИДАТ-ҚОНАҚТА» — КАНВАССИНГТІ ӨТКІЗУ Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп «тарту», белгілі және ықпалға ие адамдарды, депутаттыққа кандидаттардың партия жағына тарту мақсатында оларды үйде немесе жұмыс орнында жеке үгіттеуі. Мұндай кездесулер осы тұлғалардың ізбасарларының да «Nur Otan» партиясына деген оң көзқарасын қалыптастырады. Азаматтарға үлгі бола алатын беделді, белгілі тұлғалардың партияның қызметіне белсене атсалысуы жоғары мұраттарға қызмет етудің символына айналуы мүмкін. Депутаттыққа кандидат аймақтағы танымал әрі беделді тұлғаға – 23 стратаның бірінің өкіліне қонаққа келеді және үйде/ шеберханада/студияда/жұмыс орнында еркін әңгімелесу кезінде үгіт жүргізеді. ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕРДІ ӨТКІЗУ Экспромт-кездесу депутаттыққа кандидаттың бейресми жағдайда қоғамдық орындарға: жабық базарларға, сауда-ойын-сауық орталықтарына, халыққа қызмет көрсету орындарына, университеттер мен колледждерге (оқытушылар мен 18 жастан жоғары студенттер), мұражайларға, кітапханаларға, ауыл шаруашылығы фермаларының үй-жайларына және т.б. сайлаушылармен тікелей қарым-қатынас жасау үшін баруын білдіреді. «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ – ҮЙДЕГІ ҮГІТ «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларды тікелей үгіт-насихат материалдары мен үгіт-насихат материалдары, сайлаушыларды сайлау күні, сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер туралы ақпарат жинау мақсатында «Есіктен есікке» дәстүрлі акциясы өткізілуде.

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password