Жаңа аудан, жаңа серпін

Ауданымыздың бөлінгеніне жарты жылдан аса уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында аудан орталығы Нарынқол ауылында бірқатар шаруалардың басы қайырылды. Тәңіртаудың түбінен орын тепкен тұрғындардың тыныс-тіршілігі күн санап жандануда. Бүгінде елдің әл қуаты едәуір түзеліп, ауыз су мәселесі түбегейлі шешілген. Шекара өңірдегі ағайын ауыз суды тасып ішетін қиын күндерді артта қалдырып, бүгінде тіршілік нәрін ас үйінен алып отыр. Ескірген жол мәселесі де ескерусіз қалған жоқ. Биыл ауыл орталығындағы көшелерге асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылуда. Сондай-ақ, ескі ғимараттар мен тозығы жеткен мекемелердің күрделі жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр.
Жаңа ауданның жаңаша бастамаларынан хабардар болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және де алдағы уақыттағы жоспарларымен танысу мақсатында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашев Райымбек ауданына іс-сапармен арнайы ат басын бұрды. Ең алдымен, Л. Тұрлашев аудан әкімдігінің мәжіліс залында басқа ауданнан келген басшыларымен, құрылыс саласының мамандарымен бірлесе отырып, бірнеше мәселелерді талқыға салды. Жаңа тапсырмалар беріп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетті. Сонымен қатар, орталықтағы бірнеше нысандарды аралады. Ауыл іргесінен жаңадан салынып жатқан 20 үйдің құрылысын көріп, жұмыс сапасына баға берді. Құрлысқа жауапты «Байқоңыр» ЖШС компаниясының мердігерлерімен тілдесіп, келісілген уақытта құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс аймағындағы аудандардың өз алдына бөлініп отау құру құрған жаңа ауданның көркеюіне көмек ретінде жасалынып жатқан жұмыстарымен де танысты. Панфилов және Алакөл аудандарының атынан салынған балалар ойын алаңы мен спроттық жаттығу алаңдарын көріп, 1000 шақырым қашықтықтан келіп жұмыс жасап жатқан «Алакөл Метспестрой» құрлыс бірлестігінің жұмысына оң бағасын берді. 
Келесі кезекте, Л. Тұрлашев құрлысқа жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен, аудан әкімшілігі орынбасарларының басын қосып келелі жиын өткізді. Жиналыс барысында салынып жатқан құрлыс нысандарының кем-кетігін, көңілі толмайтын тұстарын жеткізді. Жаңа ауданды абаттандыруға ат салысатын өзге аудандардың жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Алдағы уақытта апта сайын есеп алып, кездесу өткізіп, әрбір атқарылған жұмыс барысын жіті бақылауда ұстайтынын айтты.
Ауданның әлеуметтің жағдайын жақсартуда ең бастысы халыққа тиімді жобаларды ұсынып, пайдалы істердің басын біріктіріп, қарапайым елдің ықыласына бөліп, көңілдеріне қуаныш сыйлайтындай нәтиежелі істер атқарылса ауданымыздың ажары кірері сөзсіз.

Желдің өтінде, елдің шетінде тұрған Нарынқол ауылы табиғатының көркемділігін, шынайылығын, әсемдігін әлі күнге жоғалтпаған. Су десе суыбар ну десе нуы бар берекелі мекеннің сәні мен сәулетінің сақталуы кең пейілді қарапайым халықтың көңіл кеңдігінен болса керек. Ендеше осындай әсем үйлесім тапқан, тәңіртау тұрғындарының қуанышының еселеніп, туған жеріміздің көркеюіне ат салысып жатқан игі жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password