Жарты ғасырлық сырласым

    Газеттің рөлі қашан да жоғары. Оны мен орынды бағалаймын және пайымды пікірімнен еш таймаймын. Оқырман ретінде  және қоғам белсендісі ретінде газеттің әр нөмірін құрметпен қарап шығамын. Қадірлі көзі қарақты ағайын білер, түсінер баспасөз баршаға қызмет етеді. Ел мен биліктің арасын жалғап жатқан – алтын көпір. Оны мен ойдан шығарып отырған жоқпын. Маған дейінгілер де, менен кейінгілер де осылай ұғады. Ендеше бұл біздің қоғамның қозғаушы күші десек жаңыла қоймаспыз. Қоғамның қозғаушы күші дәрежесіне көтеру және сол биіктен түсіру де өз қолымызда. Ұлтым орыс демей, алдымен қолыма аудандық «Хантәңірі» газетін аламын. Содан кейін ғана облыстық «Огни Алатау», «Время» сияқты басылымдарға көз салам. Өз өңірің туралы білмеу, бейхабар болу ұяттың ұяты шығар. Алақандай аудандық «Хантәңірі» газетінен Алашқа танымал тұлғалар шыққанын кез-келген аудандас азаматтар естен шығармаса екен. Ұлылыларды түлеткен төл газеттің төрімнен тұрақты орын алатыны да содан. Кешегі Әлнұр Мейірбеков, Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов, Жанболат Аупбаев, Рысбек Сәрсенбайлардың есімін еске алғанда «Хантәңірі» газеті туралы айтпай кете алмаспыз. Солар шыққан қара шаңырақтың киесі де, иесі де қадірлі оқырманы екенін ел білсе екен. Тұрақты байланыс жасап, газеттің тыныс-тіршілігін бағамдай алса екен. Әсіресе бұл сөзім жастарға бағытталады. Газетпен бірге өсейік, өнейік ағайын.

  Виктор Буханцов,

  еңбек ардагері,

  ауданның Құрметті азаматы.  

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password