Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

      «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша биыл екі елді мекенде 10,63 млн.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мыңбаев ауылындағы жалпы ұзындығы 6,81 км болатын 5 көшені орташа жөндеуге 299,0 млн.теңге, тұрғын аудандарды электрмен жабдықтауға 223,0 млн.теңге, балабақшаны қайта құруға 272,1 млн.теңге бөлінді.

Сондай-ақ, қаражат Саурық батыр ауылындағы ауыз су жүйесін күрделі жөндеуге бөлінді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 6 жобаны іске асыруға 136,6 млн қаржы бөлінген. Атап айтқанда, Қарғалы кентіндегі А. Бейсеуов атындағы орта мектебіне спорт алаңының құрылысына 8,3 млн.теңге, Ақдала көшесіндегі тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға 3,5 млн.теңге, спорт алаңын салуға 8,7 млн.теңге, Бесмойнақ ауылындағы Жангелдин орта мектебінің спорт алаңының құрылысына 20,5 млн.теңге, Қараарша ауылында 1,2 км жолдарды жөндеуге 46,8 млн.теңге және Сарыбай би ауылындағы 2 км көшелерді орташа жөндеуге 48,8 млн.теңге. 4 миллиард 489 миллион теңге бөлініп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 60 жобаны іске асыруға бағытталған.

Осы бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылғандар саны бүгінге 1424 адамдға жетті. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 713 адам. Жобалар аяқталғаннан кейін 251 адам нақты жұмыспен қамтылатын болады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password