Еңбектері елеулі

 Саналы  ғұмырын білімді ұрпақ тәрбиелеуге арнаған Гүлназат  Орынбаева мен Гүлнар Бердібай есімді аяулы ұстаздарымыз  Талас ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде табан аудармай қызмет істеп келеді. Аталған қара шаңырақта  шәкірттерге білім мен қатар тәрбие беру – майталман маман иелерінің бұлжымас парызы дерсің!? Білім ордасының қос маманы —  бастауыш сынып мұғалімдері.  Г. Орынбаеваның  мектеп қабырғасында жемісті еңбек етіп келе жатқандығына 17 жылдан аса уақыт болса,ал Г. Бердібайдың аталмыш  білім ордасында табан аудармай қызмет істегеніне де 33 жылдың жүзі болған.Әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс жасап,оқушы санасына тереңірек үңіліп білім мен тәрбиені жете ұғындыруды басты назарда ұстап келеді. Қос ұстаздың бағындырған биігі мен жеткен жетістіктері, алар асулары да алда.Сонымен қатар, аталған маман  иелері  аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі Алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен марапатталған.

Елдос Ахметжанов.

 Суретте: (солдан оңға қарай) Г.Бердібай мен  Г.Орынбаева. Жұмыс барысын талқылау үстінде.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password