Еңбегін еліне арнаған ана  

     Жуырда аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Еңбек ардагері, «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», Райымбек ауданының  Құрметті азаматы  Молдағожаева Дина Иембергенқызын қабылдады. Бұған басты себеп, маусым айының 20-жұлдызында Д. Молдағожаеваның 75 жасқа толған туған күні. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы аудан бөлініп келгелі бері әр ауылдағы аналардың басын біріктіріп болашақ ұрпаққа пайдасы көп түрлі шараларды ұйымдастырып, аудан аналарымен бірге бетперделер тігіп т.б. көптеген пайдалы жұмыстар атқарды. Зейнеткерлік жаста болса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып ел игілігі үшін еңбек етуден еш шаршаған емес. Осы еңбектері еленіп аудан әкімі Н. Құдайбергенов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Құдабаев  Д. Молдағожаеваны  75 жасымен құттықтап, құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, зейнеткер ананың деніне саулық, отбасына береке, еңбегіне толайым табыстар тіледі.

                «Хантәңірі»

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password