Ескертпелер ескерусіз қалмайды

 Ағымдағы аптаның бейсенбісінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы болды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Үш мәселенің біріншісі бойынша аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожаева мінберге көтеріліп жылдық баяндамасын жасады. Өткен жылдағы жасаған жұмыстарына есеп беріп, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Қазіргі уақытта Жамбыл, Сүмбе ауылдарында аналар кеңесінің төрайымы жоқ екенін тілге тиек етті. Әр ауылдық округтің әкімдеріне аналар кеңесіне назар салып, көңіл бөлулерін сұрады. Екінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұхтар Батырханұлы өз баяндамасымен таныстырды. Кезекті үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берікбай Жанат өз жұмысын баяндады. Сөз соңында ауданымыздағы ғимараттарға орналастырылған пандустардың көпшілігі талапқа сай болмай тұрғанын айтты. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылап, ұсыныс пікірлерін білдіру үшін аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Зординова Меймахан сөз кезегін алып, баяндамашыларға қанағаттанарлық деген баға берді. Кезекті сөз кезегі облыстық мәслихаттың депуаты, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бірбаев Бекболатқа берілді. Күн тәртібінен түспейтін мәселердің бірі жер мәселесі бойынша өз  ойын айтты. Ауданымызда пайдаланылмай жатқан жерлердің көп екені белгілі. Нарынқол ауылының өзінде игерілмей тұрған жерлер қаншама. Міне, осы жерлердің иелерін тауып еңбек етем деген тұрғындарға кешіктірмей беру керек деп ұсыныс білдірді. Сөз тізгінін аудандық прокуратураның прокуроры Шәміл Советұлы алып, бірнеше ескертпелер мен сындар айтты. Аудан әкімі ауылдық округтерде есеп бергенде қоғмдық қабылдау өткізгені белгілі. Әкімнің қабылдауына кірген халықтың 80-90 пайызы жер мәселесі бойынша сұрақ қойған болатын. Дер кезінде, өз уақытынан кешіктірмей мақсатында пайдаланылмай құры тұрған жерлерді қайтару керек екенін айтты. Жерді алып өздері басқа жаққа қоныс аударып кетіп, жерді не өзі пайдаланбай не өзгенің пайдасына жаратпай жүргендер де бар. Аудандық жер бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне қоршау ішінде игерусіз қалған жерлерді тез арада қайтаруды тапсырды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының баяндамасына да ескертпелер айтты. Сөз кезегін аудандық мәслихаттың депутаты Бестібаев Елжан алды. Өз сөзінде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожаеваға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Гүлнар Рауанқызы сөзге жазылып өз пікірін айтты. Осы күнге дейін қоғамдық кеңестің отырыстарында ескерту алған мекеме басшыларына ешқандай шара қолданылмай жатқанын әңгімесіне өзек жасады. Жиынның соңын аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов қортындылады. Аудан әкімінің орынбасары Самат Нақысбекұлы мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұхтар Батырханұлына өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруды тапсырды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожаеваға Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарының Алғыс хатын табыс етті.

              Дастан Қасенұлы.      

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password