Еркіннің есімі ескерілсе

     Айтып айтпай не керек. Көңілде жүрген күпті ойлар көп-ақ. Еркін елдің  ерке ақыны болып өтті. Жеке басын күйттеген жоқ. Ақындық  миссиясын мінсіз атқарды. Оған ел куә.

   Аудан келді деп қуанышы қойнына сыймайған жанның бірі мен едім. Ондағы қуанышым – Еркін ақынның ел алдындағы абыройын асырады, асқақтатады деп ақ жағалыларға сенген едім. Осы ойыма  ақынның ел-жұрты да имандай иланған шығар. Бірақ…

   Бірақ, «көзден кетсе көңілден де кетеді» екен. Арада 11 жыл орағыта өтті. Мәдениет үйінің атын Еркіннің інісі Баққожаға береміз деп ақын-жазушылармен үлкен жиналыс болғанда Еркінге жасалынатын шарапатты істер сөз болған. Онда, Қарасаздағы мәдениет үйін Еркіннің атымен атауды бір ауыздан жөн деп тапқан аудан атқа мінерлері, жазушылар  қара халықты қуантқандай болатын. Сол сөз сөз күйінде қалғандай. «Айта, айта алтайды, Жамал апа қартайдының» кері емес пе. Ақынның адал оқырмандары Еркінді туған күнінде  ордалы қуанышымен есіне алатын күн қашан туады? Ол жағы бұлыңғыр бұла дүние.

   Еркін аудандық газетте 40 жыл қызмет істеді. Зейнеткерлікке де бір орыннан шықты. Еңбегі елеусіз қалып барады. Мұқағали ағасының мұражайымен Еркіннің атындағы мәдениет үйі қатар тұрса қандай рухты болар еді. Өйткені, Мұқағали мен Еркін егіздей еді. Айтақын Әбдіқал баспасөз бетінде Еркін туралы шырылдап, «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас»  әсерде қалғандай. Менің бар үмітім 85 жылдығында бір өзгеріс болар ма екен? Сұрақ менен жауап сіздерден  құрметті ауданның атқа мінер азаматтары!

 Алтынкүл Ысқақов,

ақынның жұбайы. 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password