Ердің ерлігі-ұрпаққа үлгі

  Чернобыль апаты мен Ауған соғысының ардагерлеріне  арналған тарихи тақталар ауданымыздағы алты мектепке қойылды. Олардың қатарында  Қарасаз, Сарыжаз, Сарыжаздағы кәсіптік-техникалық колледжі, Көмірші, Сарыбастау, Қақпақ, Сүмбе ауылдары бар. Ендігі кезекте  Талас ауылындағы тарихтағы атышулы апатқа қатысқан ардагерлер тізімі анықталуда.

  Екі жыл бұрын басталған  іс-шара шаттықты жалғасын тауып келеді.  «Ердің ерлігі-ұрпаққа үлгі» деген атпен  33 чернобыль апатының ардагерлері нақтылы анықталған. Алдағы уақытта бұл тізім толыға түсетін болады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алған  бұл бастама аудан жұртшылығы тарапынан кең қолдау тауып отыр.

 2020 жылдың 5-ші наурыз күні Абай ауылында орта мектепте, мектеп ұжымы, ауыл әкімшілігі, ауыл ақсақалдары мен оқушылардың қатысуымен «Ерлігі ұрпаққа үлгі» деген кеш өткізілді. Ауған соғысы мен Чернобыль апатының ардагерлерінің өмірбаяны жазылған тақтайша мектеп қабырғасына ілінді. Мұндай кездесулердің өтуіне Алматы қаласынан атсалысып, қолдау көрсетіп жүрген ардагерлер Серботаев Жанат  пен Нұрбеков Нұрболатқа, сондай-ақ Қарасаз ауылынан келген ардагер батырымыз Жусамбаев Айбекке, Жамбыл ауылының ардагері Тастанов Еркінге көптен көп алғыс білдіреміз. Алматыдан келген қонақтарды ыстық ықыласпен күтіп алған Абай ауылының ардагерлері Жұмаділов Нұргелді Нұрқасымұлына, Құмарбеков Фархат Құмарбекұлына, Тоқсамбаев Әділет Есімханұлына және отбасыларына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Берік Сыдықов,

ауданның Чернобыль одағының төрағасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password