Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес

Күні кеше ғана жарық көрген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тек қазақ халқы ғана емес, дүйім түркі жұртының төл тарихындағы өзекті мәселелерді қозғайды.

Әр халықтың тарихы сонау уақыт кеңістігінен басталып, біз елестетіп те көрмеген кезеңдерден орын алады деп ойлаймын. Демек, қайсар халықтың ұрпағы- қазақ елінің де тарихы тым тереңде жатыр. Әр ұлттың тарихы, әрине дала төсінде бастау алады. Сол бір кең байтақ далда төсінде дүбірлеген салт атты батырлар бейнесі сол тарихтың бір бөлшегі. Біз әрдайым қазақ халқын батырлар бейнесімен тікелей байланыста елестетеміз. Соған орай, атқа міну мәдениеті де өз жерімізде орын алған. Жауына қасқая қарсы келген қайсар халық үшін «атқа мінудің» маңызы зор екені белгілі. Дана халқымызда «ер қанаты-ат» деген мақалдың жайдан жай қалыптаспағаныда осыдан айшықталады. Сонымен қатар, батырлардың сауыт-сайманыда сол замандарда маңызды құралдардың бірі болды. Тарихта таңбасын қалдырған бес қару: қылыш, найза, шоқпар, айбалта, қалқан-қазақ халқының ерлігі мен елдігінің символы.

         Ұлы дала елінде металлургияның дамуы – тұрмыс-тіршілік пен әлеуметтік жағдайлардың жоғарғы деңгейге көтерілуінің белгісі. Қазақ қызы – әлемдегі ең әдемі қыздардың қатарында болса, бұл ретте алтын күмістен жасалған, көз жауын алар әшекейлерде қазақ халқының ұлттық санасының бір бөлшегі. Бұл тек әшекей бұйымдар ғана емес, басқа да тұрмыстық заттар мен қару-жарақтарға да қатысты.

         Сонау сақ заманынан етек алған аң стилі, сақтардың ұрпағы саналған қазақтар үшінде құнды. Қазақ халқы өзін табиғаттың бөлшегі ретінде санап, соған орай ұлттық мәдени дүние танымын қалыптастырды. Аң стилінің негізінде жасалған тұрмысттық заттар бүгінгі күнде озық мәдениет үлгілері саналады. 1969жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» төл тарихымызға өң беріп, тарихты жаңғыртқан ескерткіш. Бұл-еліміздің тарихи деңгейдегі дәрежесін жоғарылатқан мұра. Тіпті, «Алтын адамды» қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдарды да зерттей қарасақ, «Аң стилі» негізгі стиль ретінде рөл атқарады.

         Бабамның қаны, анамның жасы,білектің күші, найзаның ұшымен ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып  қалған қасиетті қара топырақ әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби Түркістан қаласында туылған, ілімін таратқан Қожа Ахмет Йассауи, қазақтың Абайдай ұлы тұлғалар  дүниеге келген жер екенін басып айтты. Елбасымыздың «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақ ашу туралы идеясы болашақта ұлы тұлғаларды танып, мәңгілік ел болу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

         Тағы бір айтарым, қазақтың даласындай киелі топырақта алма мен қызғалдақтың отаны екені ғылыми тұрғыдан да дәлелденіп, қазақ даласының сулы , нулы табиғаты да елеусіз қалмады.

         Бүгінгі байтақ даламыздың бойымен кешегі мәдениет пен сауданың транзиттік дәлізі саналған «Ұлы жібек жолы» өтті.

         Түркі халықтарының бесігі – Қазақстан өзінің тарихы, жады, мол мұрасы, өнері мен фольклоры арқылы рухани жаңғырып, әлемге әйгілі мәңгілік ел болу жолында әрі еліміздің бүгіні мен кешегі өмірін жинақтауға көтерілген тың жобалар, стратегиялар елдің игілігіне орындалып, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы ретінде көрініс табады деген сенімдемін. Осы бағытта «Архив-2025»жобасының еліміздің әлемдік аренада көрінуіне тигізер ықпалының зор екендігіне сенімдімін.

         Ұлы даланың жеті қыры мақаласы ұлт пен  ұрпақ бойына отан сүйгіштік сезімін оятып,тарихы мен тамырын танып, болашаққа нақты қадам басуға мүмкіндік береді.

С. Умбеталиев

Аудандық  білім бөлімінің басшысы                

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password