Диагностикалық кешеннің мүмкіндігі мол

       Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық медициналық ұйымдарына 89 жедел жәрдем көліктері мен 12 жылжымалы медициналық кешеннің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Осы бір игі істің жалғасындай болған қуанышты шақта, аудандық ауруханаға жылжымалы медициналық кешен ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Аудан әкімі Н.Құдайбергенов медициналық кешеннің сипаттамасымен танысу үшін аудандық ауруханаға арнайы табан тіреп, медициналық аппараттар мен құралдардың жайкүйімен таныс болды. Аталған жылжымалы медициналық кешеннің сипаттамасымен ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК директоры Ж. Әкімбаев аудан басшысына арнайы алынған құрылғыларды жан-жақты қырынан таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндірді.

       Мобильді диагностикалық медициналық кешен көшпелі жағдайларда көптеген диагностикалық сынақтар жүргізуге мүмкіндік туғызып отыр. Диагностикалық медициналық кешен созылмалы инфекциялық емес ауруларды немесе ерте анықтау мақсатында, олардың дамуының негізгі қауіп факторларын, созылмалы инфекциялық аурулардың денсаулығының жай-күйін, қажетті профилактикалық, терапиялық, сауықтыру шараларын анықтау мақсатында терең зерттеуге арналған. Атап айтқанда, Ультрадыбыстық зерттеу аппараты, гинекологиялық кресло, көз түбін өлшеуге арналған байланыссыз тонометр, офтальмоскоп, отоскоп, Рентген және флюорографиялық аппараты, ЭКГ аппараты, биохимиялық және гематологиялық анализатор, арнайы санитарлық эпидемиологиялық жүйесі аудан тұрғындарының хал-ахуалын ұдайы басты назарда ұстауға мүмкіндік туғызып отырғандығын ерекше айтқанымыз жөн.

        Осындай игі істерді алдынғы қатарға қойып, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығара білуден жөн көріп, дер кезінде көмек қолын соза білген Елбасы Тұңғыш Президентіміз Н.А Назарбаевқа, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа, облыс әкімі А. Баталов пен облыстық денсаулық сақтау саласының тізгінін ұстап отырған О. Ниязбековке аудан халқынын атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Жанна Аденова,

аудандық аурухананың

логопет маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password