Бірлескен істің берері көп

       Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрғандармен қылмыстың қайталануының алдын алу, оларды жұмыспен қамту, қайта кәсіби даярлау және де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында аудан прокуратурасымен кездесу өткізілді.

       Кездесу барысында, аудандық жұмыспен қамту орталығы және пробация қызметімен бірлесе отырып есепте тұрған азаматтарға қатысты 2021 жылғы жұмыс жоспары талқыланып, тапсырмалар берілді.

       Өз кезегінде жиынға қатысушыларға Мемлекеттік «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3 бағыты (кәсіпті оқыту, несие, жастар тәжірибесі) жөнінде және 5 пайыздық мөлшердегі квота бойынша жұмысқа орналасу түріндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

       Былтырғы жылы пробация қызметінің есебінде тұрған Ж.Дайырбеков жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша оқыту жобасына қатысып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік грантқа ие болғандығын айта кеткен жөн.

       Осы бағдарлама есепте тұрғандар арасында қызу талқыға салынып, бизнес бастауға ниеттерін білдірді. Ағымдағы жылы осындай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы, жұмыссыздық деңгейін төмендету жоспарланды.

       Дегенменде, жергілікті атқарушы орган және пробация қызметімен белгіленген квотаны орындау бойынша атқарудағы жұмыстары көңіл толтырарлықтай емес.

        Ағымдағы жылы пробация қызметінің есебінен 32 сотталған өткен, оның ішінде квотамен жұмысқа орналастырылғандары болмаған.

       Сондықтан да, жергілікті атқарушы органдардың жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, жұмыс орындарының квоталарын белгілеу және өмірлік қиын жағдайда жүрген сотталғандарға әлеуметтік қызметтер көрсету түріндегі уәкілеттіктерін жүзеге асыру жұмыстары үйлестіріліп, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі күн тәртібінен түспеу қажеттігі нұсқалды.

       Сонымен бірге, алдағы уақытта сотталғандармен профилактикалық іс-шараларды күшейтіп спорттық-мәдени іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

       Осындай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы сотталған тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеп, қоғамдық ортаның бір мүшесі ретінде сезінуіне ықпал ететіндігі сөзсіз.

Н.Байбориев,

аудандық прокуратураның прокуроры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password