«Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»

С. Үмбетәлиев,

аудандық «білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

       Құрметті тамыз мәслихатына қатысушылар!

       Сіздерді алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймын!!!

       Бүгінгі аса маңызды бас қосуда әлемде орын алып жатқан пандимия жағдайында түсіністік пен шыдамдылық, сабырлық тілеймін барлықтарыңызға! Жаңа сандық форматта білім берген ұстаздарға, білім саласында үлкен зор қолдау көрсеткен ата-аналарға, оқушыларға алғыс білдіремін!

        Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ, басталғалы отырған жаңа оқу жылында сіздер бүтін қоғамның қалыптастырушысы ретінде аянбай қызмет жасайтындарыңызға сенімім мол.

       Елімізде президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына ерекше қамқорлық танытып келеді. Өткен оқу жылы ішінде көпшілік талқысынан өтіп, ұстазадар қауымы көптен күткен «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Ендігі кезекте педагогтарға қатысты бар мәселелер заң шеңберінде реттеледі. Сонымен қатар жыл ішінде маңызды құжат Білім берумен ғылымды дамытудың 2020-2025 жыларға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ауданымызда білім беруді дамыту басты назарда.

       Ауданда 19 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектептер білім беру қызметінжүргізеді. Сонымен қатар, 3-мемлекеттік, 2-жекеменшік балабақшалар, 2-өнер мектебі, 1 — мектепаралық оқу-өндірісітік комбинаты тиісті жұмыстарын жүргізіп келді.

        2020-2021 оқу жылында аудан мектептерінде 6083 оқушы болса, оның 2485 бастауыш сыныптарда, 3013негізгі буында, 585 оқушы 10-11 сыныптарда оқыды.  Олар 352 сынып комплектісіне тартылған. Мектепалды даярлық сыныбына балалар саны-559 келеді. Мектепке дейінгі 0-6 жас аралығындағы жалпы бала саны -4091 , 0-3 жаста 1619, 3-6 жаста 2472 бала бар. Әлемдегі коронавирустық инфекцияның таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр. Сондықтан санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты үстіміздегі 2020-2021 оқу жылының І тоқсанын шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, ауданымыздың барлық мектептерінде 2-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында көшеді.

       Шағын жинақты мектептер, оқушы саны аз эпидемиологиялық жағдай тұрақты елді мекенде орналасқан мектептерді қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізілетін болады. Т.Мұсакулов атындағы орта мектеп — 84 оқушы, Жаңа Текес негізгі мектебі – 57 оқушы, Ақбейіт бастауыш мектебі – 20 оқушы, Қостөбе бастауыш мектебі – 5 оқушы, Көмірші орта мектебі- 128 оқушы, Көксай орта мектебі -112 оқушы, Байшығанұлы атындағы орта мектеп-222, Н.Өмірзақов атындағы орта мектеп-218.

        1 сынып жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету, оқу мен жазу дағдыларының қалыптаспауын ескере отырып 1 сынып оқушыларының ата-аналарының өтінішімен , қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, 27 кезекші сыныптардың жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Жалпы бірінші сыныпқа 627 бүлдіршін қабылданайын деп отыр.

       Райымбек ауданы бойынша 22 мектепте 6083 оқушы білім алады. Қашықтан оқытуға көшуге дайындық барысында әр мектеп бойынша оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат жинақталып, мониторинг жүргізілді. Нәтижесінже 6083 оқушының 1828-ініңүйінде компьютер, ноутбукпен қамтылған.  2389 оқушының смартфон, планшнттері бар. Компьютерлері жоқ оқушыларға білім беру ұйымдарының балансындағы 327 компьютер уақытша пайдалануға берілді деп жоспарлануда. Оқу жылының басына компьютер, ноутбук, смартфон, планшетсіз қалған оқушылар саны 1391 бала.

       Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен қосымша 475 ноутбуктер сатып алынып әлеуметтік категориядағы балаларға уақытша пайдалануға беріледі.

       Ең заманауи білім беру мазмұнының ең ірі коллекциясы саналатын «Onlain Мektep» платформасындағы барлық контентерді пайдалануға 22 мектеп қосылады.

       Сонымен қатар 1695 оқушыда интернет желісіне қосылуға толық қолжетімділігі бар. 3401 оқушының интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Өкінішке орай 9 елді мекенде интернет желісі әлсіз. Аудан бойынша кері байланыс жасауға мүмкіндігі жоқ оқушыға тапсырмалар алдын ала дайындалып, тоқсан басталысымен қолма-қол еріктілер арқылы. кері байланыс орнатуға еріктілер тобы жұмыс жасайды.

       Қазіргі таңда Райымбек ауданында 879 педагог қызмет етеді. 707 мұғалімнің жеке ноутбуктері мен компьютерлері бар. Осы тұрғыда мектептер тарапынан қажеттіліктеріне қарай 110 педагогтерге компьютерлер, ноутбуктер, білім буктер уақытша берілді.

       Сонымен қатар 472 (53%) педагогта интернет желісіне қосылуға толық қолжетімділігі бар. 407 (47%) мұғалім интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Десек те бұл мәселені шешіп, курьерлер мен еріктілердің көмегіне жүгініп, жұмыс істейміз.

        Білім бөлімі тарапынан жалпы орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды іске асыру бойынша қадамдық нұсқаулық әзірленіп жатыр. Аудан мұғалімдері және ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

       Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, балалардың бос уақыты мен денсаулығын нығайту мемлекетіміздің маңызды міндеттері.

        Мектеп жанындағы лагерьлерде балалар мен жасөспірімдердің демалысы және олардың денсаулығын нығайту іс-шараларын дұрыс ұйымдастыру және балалардың шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ету, олардың денсаулығын жақсарту, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алу шараларын сақтау, балаларды салауатты өмір салтына дағдыландыру, санитарлық-гигиналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауда жағымды қоршаған ортадағы өмір қызметі мен тамақтану тәртібін қатаң сақтау ерекше қадағалануда.

       2020 жылғы жазғы сауықтандыруға аудан бойынша 1-10 сыныптар арасында 5647 оқушы «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын басшылыққа алып онлайн форматта іс-шаралар өткізіліп жатыр. Тұжырымдама балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мен дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған және 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары туралы Конвенциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәрбие саясатының және 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына негізделеді. Міндетті білім беру қорынан 6 млнақша қаражаты қаралған. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы және таралуын байланысты, Алматы облысының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы маусым, шілде, тамыз айларындағы қаулыға сәйкес, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерге рұқсат берілмеді.

        «Біздің отбасымыздың бір күні» фотожобасы, «Отбасылық дәстүрлер», Отбасы этикеті бойынша онлайн квест: «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» – көрме. «Отбасылық ас үй» шеберлік сыныбы: «Біз барлық отбасымызбен байлаймыз, тігеміз, сурет саламыз және ән саламыз» отбасы шығармашылығының виртуалды фестивалі. Шығармашылық конкурс «Бақытты отбасы қаласы». Әр түрлі материалдардан жасалған ұсақ-түйектер сайысы «Шебер қолдар», «Жасыл досымызды қорғау» онлайн жобасы. «Біздің ауылдың, ауданның, қаланың көшелері» ұжымдық онлайн презентациясын құру, «Асқақтай бер, Елорда» — Астана күніне арналған мерекелік онлайн концерт. Нұр-сұлтан қаласына виртуалды саяхат: Астананың тарихи ғимараттары, ескерткіштері туралы әңгімелер. «Мұқағали Мақатаев мұражайына онлайн саяхат», Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әр-түрлі бейне-дәрістер әлеуметтік желілерге салынып отырды.

       2020 жылы аудан бойынша 20 тұлдыр жетім, 1 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, барлығы 21 бала есепте тұрады. Кәмелетке толмаған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың білім алуы мен денсаулық жағдайы, мектеп бітіруші осы санаттағы балаларды оқумен, тұрақты жұмыспен қамту жұмыстары тұрақты назарда. 2020 жылы 21 бала мектеп қабырғасында оқып жатыр.

        Қорғаншы/қамқоршыларға жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-баққаны үшін әр қорғаншы/қамқоршыға жыл басынан 27 780,00 теңгеден жәрдемақы төленуде.

       Міндетті оқу қорынан бөлінетін қаражатқа 20 жетім, 1 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар киімдермен қамтамасыз етіліп және асханаларда ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

       Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен суицидті болдырмаудың алдын алу аясында аудан мектептерінде 8-11 сынып оқушылары, АІІБ-нің, прокуратура қызметкері, ауыл әкімдері, дәрігер, мешіт қызметкерімен 13 кездесу, 5 семинар, 13 пікірталас ұйымдастырылды.

       Ауданы бойынша соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасында орын алған өзіне — өзі қол жұмсау 2 факті орын алды. Аудан мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналары арасында оқу жылының аяғында «Сіз қандай ата – анасыз?», «Жазалау тәрбиеге жата ма?», «Бала өмірінің қауіпсіздігі» атты жиналыстар өткізілді. Жекелей сыныптарда өткізілген жиналыстарда сынып жетекшілер ата – ана мен баланың қарым қатынасын анықтау мақсатында сауалнамалар алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіліп отыр.

        Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында іс-шара жоспары жасалып, жоспар бойынша сәтсіз отбасыларына рейд жүргізіліп, Ішкі істер бөлімі және білім беру ұйымдары тарапынан «Балалар түнгі аулада» «Жасөспірім» «Көше» тақырыбында рейдті ұйымдастыру мақсатында аудан бойынша көшелерге рейд жүргізіледі. Ішімдікке салынған және балаларды қадағалаусыз қалдырғаны үшін аудандық полиция бөліміне 2020 жылы ақпан айында 2 отбасы қосылды. Сәтсіз отбасы есебіне алынған 14 отбасының ішінде, 38 бала.

       2020 жылы «Мектепке жол» акциясының жыл бойына ұзаруына орай, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «www atamekenim.kz» порталы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

        Короновирус пандемиясы кезеңінде қашықтықтан оқу процесіне көшуге байланысты, мұқтаж отбасыларына демеушілер аудан бойынша 1 478 000 (бір миллион төрт жүз жетпіс сегіз) мың қаражат көлемінде смартфон және мектеп формасы, оқу-құралдарымен көмек көрсетілді.

        2020 жылдың қаңтар айынан бастап «www atamekenim.kz» порталында ата-аналардан түскен өтініштер бойынша азқамтылған отбасының балаларына 35 смартфон, жетім, жартылай жетім балаларына 3 ноутбук, 35 көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға мектеп формасы, оқу-құралдары және азық-түлікпен көмек көрсетілді. Білім бөлімі тарапынан 1 маусым Балалар күніне орай 600 мың теңгеге 16 жетім балаларға, 2 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 36 мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп құралдары таратылып берілді.

       Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында «Мектепке жол» платформасы туралы Whats app желісі, телеграмм-чат арқылы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Мектепке жол» акциясы барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту жұмыстары жылдың аяғына дейін жүргізу жоспарлануда.

2.ОҚУШЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

        Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары арасында «Дарын», «Зерде», пәндік олимпиадалар өткізілді. Облыста «Дарын» бойынша20оқушы қатысуға үміткер болып 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды атап айтсақ өлкетану секциясы бойынша Көксай мектебінің 8 сынып оқушысы Мұқаш Айзада 2-орын,Т.Жанұзақов, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушылары математика бағыты бойынша Сламғожа Абзал 3-орын, Бектұрсын Айдос Бектұрсынұлы 2-орын иеленді.

       1-7 сынып оқушылар арасындағы XV республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлеріТ.Мусақұлов мектебінің 7-сынып оқушысы Адилбай Марал тарих,өлкетану,этномәдениеттану секциясы бойынша 3-дәрежелі дипломмен,Өмірзақов атындағы орта мектебінің 4- сынып оқушысы Самат Арайлым этномәдениеттану секциясы бойынша 3 –орын,А.Барманбекұлы атындағы мнектеп гимназиясының 5-сынып оқушысы Муширбек Жансая 3 дәрежелі дипломмен ,Қайнар орта мектебінің 5-сынып оқушысы Нұраш Тоғжан 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

        Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадаға 15 оқушы ауданымыздан үміткер болып 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Биология пәні бойынша Көмірші мектебінің 11 сынып оқушысы Төрехан Дана 2-орын «Күміс» медаль,Сарыжаз орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сартаубай Аяулым 3-орын «Қола» медальмен,қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша Қайнар орта мектебінің 9-сынып оқушысы Алтай Ақнұр 2- орын«Күміс» медальмен марапатталды. Өзін-өзі тану пәндері бойынша облыстық олимпиададан 11- сынып оқушысы Серікбайұлы Бағдат 2-орынды иеленді.

        «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасына 635 оқушы қатысып, 400 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды.«Русский медвежонок» интеллектуалды конкурсына 200 оқушы қатысты. «Айқанат» олимпиадасына 80 оқушы қатысып, 33 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. «Жетісу дарын» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай оқуларынан 13 оқушы жүлделі орынды иеленді.2019-2020 оқу жылында 7 сынып оқушылары арасында география пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасынан Жанұзақов атындағы орта мектебінің 7- сынып оқушысы Қайып Айдана 3- орын, Н.Өмірзақов атындағы орта мектептің оқушысы Тілеужан Ақбілек 2-орын,Сарыжаз орта мектебінің Оразалы Айдана 3-орын иеленді.Облыстық математика пәндері бойынша олимпиадаға Т.Жанұзақов атындағы орта мектебінің 5- сынып оқушы Абу Аңсар 3-орын, Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Құдайбергенов Нұрбақыт 3-орын иеленді. Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдер арасындағы облыстық қашықтық Олимпиадасына Сарыжаз орта мектебінң химия пәнінің мұғалімі Бостанова Жазира 3-орын,Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Кожамолдаева Мейраш 3-орын, Ж.Жандосов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исаева Жаңылсын 3- орын, М.Мақатаев атындағы математика пәнінің мұғалімі Жақсылық Батыр 3-орын, Б.Соқпақбаев атындағы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нусипалиева Айда 3- орын,Қайнар мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Смағұлова Айнұр 3-орын, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Ж.Мұратбеков 3-орын,Т. Мұсақұлов атындағы мектептің мұғалімі Н.Емишова 3-орынды иеленді. «Заманауи сабақ –педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында облыстық үздік бейне-сабақтар фестивалінде Сарыжаз орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сәкенова Жанар ІІ орын, А.А. Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясының өзін өзі тану пәні мұғалімі Мусамолдаева Нуржан ІІІ орын, «Жетісу дарыны» облыстық оқу әдістемелік орталығы өткізген «Қашықтықтан оқытудағы бейне сабақтар қоржыны» байқауында Сарыжаз орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сәкенова Жанар І орын, Сарыжаз орта мектебі ағылшын пәні мұғалімі Адилбек Назым ІІ орын иеленді. Қашықтықтан оқуға байланысты.

        Жыл ішінде 155 пән мұғалімі жаңартылған білім бағдарламасы бойынша пәндік курстан өтсе, осы оқу жылында 115 мұғалім курсқа жіберу жоспарланып отыр. ЖМЦ пәндер бойынша 24 мұғалім курстан өтіп пилоттық жоба бойынша сабақ беруде . Бұнын сыртында 25 педагог жаңа бағдарлама бойынша үйлестірушілер, 49 педагог тренерлік курстардан өтіп, мұғалімдерді оқыту жұмыстарын жүргізуде. «Қашықтықтан оқып үйренемін» онлайн курсты -600 мұғалім оқып, сертификат алды.

        Аудан мектептері бойынша 2019-2020 оқу жылына математика, физика, химия, орыс тілі, ағылшын тілі, пәні мұғалімдері мамандықтары бойынша маманға сұраныс берілді.

        2019-2020 оқу жылында биылғы жылы 28жас маман білім мекемелеріне жұмысқа қабылданды.

       Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеті, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақтың Қыздар Педагогикалық Университеттерімен Меморандумға отырып, әр факультетпен (қажетті) байланыс орнатылып, сұраныстағы мамандарды қамтудың мүмкіндіктерін шешуге жұмыс істелінуде.

       Білім беру саласында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру елімізде жүріп жатқан инновациялық үдеріске тез бейімделіп, жаңашылдықты қолдайтын, өзіндік ұстанымы бар педагогтар қажеттігі туындап отыр.

       Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылуда.Осыған орай «Педагог-модератор»,«педагог-сарапшы»,«педагог-зерттеуші»,«педогог-шебер» біліктілігінен өткен мұғалімдерге 30%-дан 50%- ға дейін үстеме төленуде.

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

       Жұмыспен қамту жол картасы бойынша «Райымбек ауданының білім бөлімі» ММ 2 мектеп, 1 балабақша және 19 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 383 756,0 (бір миллиард үш жүз сексен үш миллион жеті жүз елу алты мың ) теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде атап өтсек, Текес ауылындағы Шорманов орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары конкурсқа жарияланып 623 656,0 (алты жүз жиырма үш миллион алты жүз елу алты мың) теңгеге ұтып алды.

       Талас ауылындағы Ш.Уалиханов орта мектебінің жөндеу жұмыстары конкурс нәтижесінде 311 283,0 (үш жүз он бір миллион екі жүз сексен үш мың) теңгеге ұтып алды.

        Сарыбастау ауылындағы балабақша күрделі жөндеу жұмыстары конкурс нәтижесінде 228 040,0 (екі жүз жиырма сегіз миллион қырық мың) теңгеге ұтып алды. Осы аталған 3 обьектіге «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

       Тегістік ауылындағы М.Мақатаев атындағы орта мектепке 396,9 млн қаражат бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТОО «Еңбек» мердігері күрделі жөндеу жұмыстарын ұтып алды.

       Сарыжаз ауылындағы балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 275,2 миллион теңге қаражат бөлініп, ТОО «Еңбек» мердігері 271,0 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бір ай мерзімге жұмыстар тоқталып, қосымша сейсмикалық күшейтуге құжаттар дайындалып, рұқсат алынды.

       Сонымен қатар, 19 мектептің дәретханаларын ішке орналастыруға 77 000,0 (жетпіс жеті миллион) теңге қаражат бөлініп, «Qurylys Samruk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАМТЫЛУ КӨРСЕТКІШІ

       Ауданда мектеп жанындағы шағын орталық саны- 21. Онда 794 бала тәрбиеленеді. 3 мемлекеттік балабақшада- 420, 3 жекеменшік балабақшада- 125 тәрбиеленуші бар. Мектепке дейінгі білім берумен барлығы 1336 тартылып қамту пайызы 99,7-ны көрсетіп отыр.

       2017 жылында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Сарыжаз ауылынан 75 орынды , Қайнар ауылынан – 25 орынды жекеменшік бала бақшалар ашылып жұмыс істеуде.

        2019 жылдың 5 шілдесінен Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттама беру үшін кезекке қою e-zhetysu.kz жүйесі арқылы тіркелу негізінде ата-ана жолдама алады.

2.ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ

        Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда ауданда екі өнер мектебі – Қарасаз, Текес өнер мектептері жұмыс істейді. Оларда қосымша білім берумен 500 бала қамтылған. Қарасаз, Текес өнер мектептерінде 8 бағытта 12 түрлі мамандық беріледі. Мұғалімдердің жоғарғы санаттысы-6, бірінші санаттысы-1, екінші санаттысы-9, санаты жоқтар -7.

        Өнер мектептерінде — 50 мұғалім жұмыс істейді, олардың 37 жоғарғы, 11 — арнаулы орта, 2 — аяқталмаған жоғары білімділер.

       Текес өнер мектебі бойынша әр қалаларда өткен түрлі жанрдағы шараларға қатысып жыл ішінде Дәстүрлі ән класының ұстазы:Иманғазиева Клара, домбыра класының ұстазы Рахымжан Еркін Республикалық «Жас дарын»орталығының «Құрмет белгісі»төсбелгісімен марапатталды.

       Абай атындағы ұлттық педогогикалық университетінде «Ұлы дала қырлары:заманауи кезеңдегі көркем білім беру»тақырыбындағы Халықаралық Арт-форумға «Мерейтой палатасы»атты шығармашылық көрмесіне өз туындыларын қойып, төсбелгімен Алибаев Абзал марапатталды.

        «Ұстаз-ұлы тұлға»атты Облыстық жас мамандар слётінде «Көркемсөз оқу»номинациясы бойынша бас жүлдемен Байжұма Медет, Ән айту номинациясы бойынша Жабықбай Әлішер марапатталды.

        Қарасаз өнер мектебі бойынша «Самғау» ІІІ- Республикалық ән – би жас өнерпаздар байқауында ерекше өнерімен дараланып жеңімпаз атанған үшін- Ноянбай Ұлбосын Талгатқызы-Бас жүлде Құрмет грамотасымен марапатталды. ІІІ Халықаралық «Дара бала» байқауында үздік өнер көрсеткен үшін — Уәліп Заңғар Ерланұлы- Диплом, Тайжарыс «Дара бала »ІІІ Халықаралық байқауында үздік өнер көрсеткені үшін- Ақан Данель- Бас жүлде Диплом, «Жастар жалыны» Республикалық жасөспірімдер байқауында өнер көрсеткен үшін- Тілеуберді Мереке-1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

        Ауданда 1 мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты бар. Нарынқол мектепаралық оқу өндірістік комбинатында 2019-2020 оқу жылын 488 оқушы аяқтады, жалпы мұғалім саны -17, оның жоғары білімдісі-14, арнаулы орта-3, Автоісі, тігінші, аспаз, ІТ мамандықтары оқытылады.

       Нарынқол МОӨК-на 8 мектептен (Абай, О.Жандосов, Т.Жанұзақов, Б.Соқпақбаев, К.Байшығанұлы, С.Әшімбаев,Қайнар,Қ.Шорманов ат орта мектептерінен) оқушылар қосымша мамандықпен қамтылады.

       Тігінші мамандығы бойынша «Құс қанаты менің ғұмырым» Республикалық байқау «Сән үлгісі» номинациясы бойынша, бас жүлде иегері 11 сынып оқушысы Сембек Ақерке, Қолөнер номинациясы бойынша І орын иегері 9 сынып оқушысы Бекбосын Айша, жетекшілері Уалибаев Мағауия Оқанұлы мен Шалатаева Гүлзейнеп Қожабекқызы құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Дарын» ғылыми-жоба жарысының информатика секциясында шығармашылық ізденісін ғылыми тұрғыда көрсетіп, ІІ орын алған Нұртайқызы Шұғыла мадақтамамен марапатталды, жетекшісі Қабылбекова Әсем Құдайбергенқызы.

       Аспаз мамандығы бойынша Масимгазиева Рауза Баймолдаевна 2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық алғыс хатымен, 2020 жылы Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мадақтамасы, Жарқын болашақ республикалық ғылыми-әдістемелік журналының алғыс хатымен марапатталды.

  1. ИНТЕРНАТТАР ЖАЙЛЫ

       Аудандағы А.А.Барманбекұлы атындағы орта мектеп — гимназиясы жанында Қарасаз ауылындағы интернат жұмыс істейді. Қарасаз интернатында -101 бала қамтылған.

  1. СПОРТ

        Аудан мектептерінде 86 дене тәрбиесі, 19 АӘД жетекшілері шәкірттерге білім мен тәрбие беріп келеді. Жоғары білімді-70, арнаулы орта-12, жоғары санатты-4, 1-санатты-25, 2-санатты-29, санаты жоқ-26. Жас ұрпаққа патриоттық білім мен тәрбие беру мақсатында 19 мектепте «Жас сарбаз» ұйымының бөлімшелері жұмыс жасайды. Барлық мектептерге футбол, волейбол, баскетбол доптары, волейбол торлары, тоғызқұмалақ тақталары т.б. құралдармен толық қамтамасыз етілген.

       Аудан мектептерінде 20 типтік спортзал, 22 арнайы спорт алаңы, 19 гимнастикалық қалашық, 22 әртүрлі спорттық ойын алаңдары жұмыс жүргізіп отыр. Аудан мектептерінде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында әртүрлі үйірмелер жұмыс жүргізеді. 168 үйірмеге 3457 бала қатысып отыр.

        Ауданымыздағы 3 мектеп «Футбол сабағынан» аппробацияға кіріп, 5-11-сынып балаларымен сабақтар өтілуде.

       Аудандағы 4,7,9,11-сынып оқушылары қысқы және көктемгі Президенттік сынама нормативтерін тапсырып, дене дайындығын көрсетті. Жоспарға сәйкес мектеп лигасы бойынша спорттың 4 түрінен жарыстар өткізілді.

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖЫЛУЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ

        «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 30 білім беру мекемелерінде, барлығы 30 қазандық бар. Оның ішінде 27 қазандық сұйық отынмен, 3 қазандық қатты отынмен (көмірмен) жылытылады.

        Сұйық отынмен жылытылатын мектептермен бала бақшалардың лимиті – 975 149 литр . Алайда 2020–2021 ж.ж. от жағу маусымына сұйық отынды мемлекеттік сатып алуға облыстық білім басқармасы тарапынан конкурс жарияланып ұтып алушы ЖШС «Diesel Group» анықталды 1 литр сұйық отын бағасы -194.88 теңгеден барлық сомасы 190 037 037,12 мың теңгеге 947 674 литр сұйық отынға сатып алынды. Қазіргі уақытта ЖШС- «Diesel Group»өз міндеттемелерін орындау барысында 80% тасымалдады. Қазіргі уақытта мектептердің қазандықтарына қызмет көрсетуші ЖК «ТЕМИРТЕПЛОСНАБ» бөлінген қаражаты 650 000 теңге.

        2019-2020 оқу жылы білім саласы бойынша сұйық отынның лимиті 947 674 литр құраған.

        2020-2021 оқу жылы білім саласы бойынша сұйық отынның лимиті 975 149 литрді құрайды. Оқу жылында жаңадан ашылған 2 бала бақшаларға қосымша 27 475 литр сұйық отын бекітіліп берілді.

        Олар:

1.Сарыжаз балалар бақшасы- 16 870 литр

2.Сарыбастау балалар бақшасы- 10 650 литр

Көмірмен қамтамасыз ету

Қатты отынмен жылытылатын- 3 қазандыққа, 104 тонна қатты отын бөлінген.

Қатты отынмен жылытылатын 3 білім беру мекемелеріне

Қостөбе бастауыш мектебі- 34 тонна

Нарынқол УПК — 30 тонна

Текес Өнер мектебі-40 тонна

Қатты отын алуға ЖШС « Беркут» пен 525 000 теңге келісім шарт жасалды.

Қазандықтарды ауыстыруға 6 білім беру ұйымына бюджеттен 18 436 000 теңге бөлінді. Олар:

  1. Нарынқол ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектеп- 1 қазандық
  2. Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп-1 қазандық
  3. Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы орталау мектеп –1 қазандық
  4. Жаңа-Текес ауылындағы Жаңа-Текес атындағы орта мектеп-1 қазандық
  5. Нарынқол ауылындағы Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп-1 қазандық
  6. Ақбейт ауылындағы Ақбейт бастауыш мектеп- 1 қазандық

       2020-2021 оқу жылындағы оқулықпен қамтылуы жайлы

       2020-2021 оқу жылына жаңартылған бағдарламаға енген 11,5,9,10 сыныптарға 50млн 880 мың 000 теңге ақша қаражаты қаралған. Бұл қаржыға 10 баспамен келісім шартқа отырып, оқулыққа тапсырыс берілді.

       Құрметті тамыз мәслихатына қатысушылар!

       Аудандық білім бөлімі «Қазақстан Республикасындағы 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда еңбек ететін болады.

       Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлы: «Ұстаздықжүректің смасылдығы» деп айтқан еді. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.

       Ауданымыздың барлық ұстаздарын аянбай еңбек етуге шақырамын!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password