Балабақша  балаға қандай тәрбие беруде?

    Бала – байлығымыз. Бала – болашағымыз. Ұлттық тәрбие турасында, адам капиталын арттыру мақсатында Елбасы жылдағы Жолдауларында ерекше еске салатын. Адам капиталы дегеніміз – білім алу және өмірдегі іс-әрекеті барысында қол жеткізген инттелектуалдық мүмкіндіктерді бойына сіңіру болып табылады.    

   Айшықты аталып келетін халықаралық балаларды қорғау күні адам капиталын арттыру аспектілерін  өз міндеттерінің өзегі етті. Оның айқын көріністерін  бүгінгі  балабақшалардан көруге болады. Осы және басқа да сұрақтар бойынша «Қарлығаш» балалар бақшасының меңгерушісі Оразова Шынар Ешенқызымен әңгімелескен едік.

  – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі құтты болсын! Бала жанының бағбаны бола білген еселі еңбектеріңізге ел куә. Жыл өткен сайын жаңарып, кезең келбетімен көркейіп келетін балабақшалар тыныс тіршілігінен сөз етсеңіз.

  – 2010 жылдан бастап өз жұмысын бастаған біздің мекеме 6 топ бойынша жұмыс жасайды. Яғни, аталған топтарда бүлдіршіндер жас ерекшелігіне қарай тәрбиеленеді. 140 балаға шақталған балабақшада  41 маман жұмыс істейді. Оның ішіндегі педагогикалық қызметкерлердің саны 19-ды құрайды.

–  Жұмыс барысымен тереңірек таныстырсаңыз

– І -ші «Балапан» ерте жас тобында  бір  жарым жас пен екі жас аралығында 20 бала бар. Ал 2-ші «Балбөбек» 1-ші кіші тобында екі жас пен үш жас аралығында жиырма бүлдіршін тәрбиеленеді. Сол сияқты 3-ші «Айналайын» 2-ші кіші тобына екі жас пен үш жас аралығында 25 бала топтасса, 4-ші «Шұғыла» ортаңғы тобында үш пен төрт жас аралығында 25 бала бар. Ал 5-ші «Айгөлек» ересектер тобының жауапкершілігіне төрт пен бес жастағы 25 бала кіреді. Қалған  бала «Балдырған» мектепалды даярлық тобында.

  – Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жан-жақты жетілдіру мәселесі қалай шешілуде. Жалпы  жұмыс істеп жатқан жоғары білімді қызметкерлер туралы не айтасыз?

  –Біздің мекемеде жоғары деңгейдегі тәрбиешілер жетерлік. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демей ме. Ондай озаттар санатынан  әдіскер Гүлжамал Карабалина, психолог Индира Байқанова, ән-әуез жетекшілері Жанар Айтқұлова, Жазира Сатыбай, вариативті-компонент оқытушысы  Айсұлу Түйлебаева, медбике Камшат Тубажанова, логопед Шолпан Сүйіндікова, дефектолог Жадыра Қонысбай, орыс тілі мұғалімі Мөлдір Мергенбаеваларды көруге болады. Сонымен қатар, Гүлназира Тұрдиева, Жангүл Кенжеева, Дамира Мұқанова, Жұлдыз Арапбаева, Майра Есенова,  Назира Жұмашқан, Ақерке Құлатаева, Салтанат Избасарова, Айнара  Нұрлыбекқызы, Ақерке Сман, Баян Қасымбекова, Сәулет Жайсанова сияқты тәрбиешілер де өз істеріне жауапкершілікпен қарайды. Тағы бір мәселе  біздің  «Қарлығаш» балабақшасында  Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын  басшылыққа  ала  отырып,  «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»,«Әлеумет» білім  беру  салалары   негізінде балабақшада үлгілік оқу жоспарға сүйене отырып жүргізіледі. Ол  оқу қызметтері баланың  жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылады.

    – Ол айтқан оқу қызметтеріне қандай пәндер жатады?  

 – Атап айтқанда,  «Денсаулық» білім беру саласы бойынша дене шынықтыру және қауіпсіз мінез-құлық негіздері, «Таным» білім беру саласы бойынша  сенсорика, математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану, «Қатынас» білім беру саласы бойынша  сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет,сауат ашу негіздері, орыс тілі, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, музыка, «Әлеумет» білім беру саласы бойынша өзін-өзі тану және қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметтері жатады. Ол үшін  сабақ кестесі құрылып,  әр оқу қызметі жас ерекшелігіне сай 7 минуттан 30 минут аралығында өтіледі.

Сондай-ақ, тәрбиеленушінің  қызығушылығын әрі қарай дамыту мақсатында күннің екінші жартысында вариативтік-компонент бойынша «Шебер қолдар», «Ертегілер елінде», «Сиқырлы алақандар» вариативті оқу қызметтерімен жалғас табады.

   –Бұл айтып отырған оқу үйірмелері әлемдік стандартқа сай ма?

 – Әрине. Еліміз бойынша, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге лайық болуымыз керек. Әлемдік озық мемлекеттердің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңғырта жаңарту қарқынын дамыта түсуіміз керек. Сондықтан бүгінгі заман талабына сай ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілермен ОПМПК(облыстық психологиялық –медициналық педагогтік консультациясы ) шешімі бойынша балабақшада педагог-психолог, дефектолог және логопед арнайы түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі күні ОПМПК  шешімімен, ата-ананың келісімімен балабақшада 13 тәрбиеленуші осы мамандардың көмегіне жүгінуде.

   – Әр оқу жылының басында өткен оқудың мақсат міндеттерінің жүзеге асырылуын  қорытындылай келе  мекеменің жылдық жоспары құрылады. Жылдық  мақсаты мен міндеттемелері анықталады. Осы міндетті жұмыстар қалай іске асуда?

   – Әдіскердің  жұмыс  жоспары  бойынша  әр  топтарда  ертеңгіліктер, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, семинарлар, жарыстар мен  байқаулар, ата-ана жиналыстары, ашық есік күндері өткізіледі. Аталған бағыттар бойынша тәрбиешілеріміз ата-аналардың көңілінен шығуда.

Педагог-психолог тарапынан тәрбиеленушілермен психодиагностика және психокоррекция жұмыстары және ата-аналармен, ұжыммен бүгінгі өзекті тақырып аясында тренингтер болады. Жазғы сауықтыру жұмыс жоспары, іс-шаралары ойластырылады.

    –Сөз басында айтқандай, бала – біздің байлығымыз. Олардың саулығы аса жауапкершілікті қажет етеді. Жалпы тамақтану, тазалық  жайы қалай?

 – Тәрбиеленушілердің күнделікті ішетін тағамдарын дәмбике СанПин талабын ескере отырып  апталық ас мәзірін дайындайды. Таң ертеңгілік асқа – сүтпен шай, әр-түрлі ботқалар (дәнді-дақылмен), екінші тамаққа сиыр етінен сорпалар, кисель, компоттар, көкөністен салаттар әзірленеді. Ал бесін тамаққа айран, сүт, шырындар, жемістер беріледі. Аспазшы Н.Жолдыбаева, Г.Сатыбай, А.Өскенбай, Қ.Аубакирова өз шеберліктерімен күніне үш мезгіл тәрбиеленушілерге ас әзірлейді. Сондай-ақ, топтардың тазалығы да жіті назарымызда. Оны  көмекші тәрбиешілер Л.Шарипова, Б.Дауытова, А.Лешова, Д.Оразай, А.Чотбаева және Г.Қоңқабай, А. Күлдар сынды мамандар қатаң қадағалауына алған.

    – Әр бүлдіршіннің бабын тауып, олармен тіл табыса білудің өзі асқан шеберлікті талап етеді. Өз ісін жақсы көретін, тәрбиешілер тәжірбиесі турасында айта отырсаңыз.  

 – Биылғы 2019-2020 оқу жылында баспа беттерінде Алматы облыстық білім басқармасы ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» мкк-нің «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық қызмет: ізденіс және тәжірбиелер» әдістемелік кітабында психолог И.Байқанованың «Тамаша көңіл күй әлемінде», тәрбиеші М.Есенованың «Үй жануарлары», Д.Мұханованың «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыптарында іс-тәжірбиелері таратылды. Бұдан басқа да  жеткен жетістіктеріміз аз емес. Музыка  жетекшісі Ж.Айтқұлова «жастар ТV»тележобасынан  «Алғыс хат», халықаралық балалар шығармашылығы «Жастар жалыны» байқауына тәрбиеленуші Мадина Ерланқызы қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Сөйтіп, халықаралық «Лучший музыкальный руководитель» дипломымен, марапатталды. Ауыз толтырып айтар болсақ, тәрбиешілеріміз Ж.Кенжеева, Б.Қасымбекова, С. Избасарова, Ж.Арапбаева, М.Есеновалар республикалық  «Жарқын болашақ», «Жарық жұлдыз», «Дала сазы», халықаралық «Біз-бақытты баламыз» байқауларына қатысып, арнайы дипломдармен марапатталды.

 Бір айтар қуанышымыз, «Педагог мәртебесі» заңы қабылданып,  мектеп ұстаздарымен деңгейлері теңестірілді. Тәрбиешілеріміз жаңа заңның арқасында 56 күндік еңбек демалысына жіберілетін болды. Қажыр-қайратты талап ететін тәрбиешілер үшін бұл да болса үлкен қуаныш.

   – Әлемдік дүрбелең тудырған індетке қарсы елімізде жарияланған  төтенше жағдайға байланысты барлық мекемелер қашықтықтан  жұмыс жасады. Сіздердегі онлайн тәртібі қалай жүзеге асты?

  – Ата-аналарымен үй жағдайында тәрбиелеуге қарамастан, мектепалды даярлық тобы онлайн тәртібінде ұйымдастырылған оқу қызметтерін меңгерді. Осы кезде ата-аналармен және тәрбиеленушілермен «Біз біргеміз!» және «Дәрігерлерге мың алғыс!», «Біз- бақытты баламыз!», «Біз  сендерді сағындық»атты челлендждер  жасалып, фейсбук және инстаграмм парақшаларында жарияланып, көптің көңілінен шықты.

Осы орайда, республикалық білім порталының ұйымдастырған «Үздік  циклограмма» байқауына  тәрбиеші Ж.Кенжеева және  вариативті-компонент оқытушысы А.Туйлебаева қатысып, жүлделі І-ші,ІІ-ші орындардан көрінді. Бұдан басқа, республикалық «BILIMGER GROUP» білім порталының ұйымдастырған  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Өлең, тақпақ айту» байқауына  Сқали Еңлік,Серғазы Ильяс, Дархан Айару онлайн қатысып жүлделі  орындарға ие болды. Сонымен бірге, әдіскер Г.Карабалина,  тәрбиеші Ж.Кенжеева, Ж.Арапбаева  қатысып, еңбектері еленді.

 – Шынар Ешенқызы, сұхбат бергеніңізге рахмет! Еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан: С.Нұрбақытұлы,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password