Ақсақалдар  арқалар  жүк  салмақты

 Ауыл  қашанда ардақ  тұтар  ақсақалдарымен  ажарлы. Олай  деуіме  негіз  жоқ  емес. Қай, кезең, қандай  қоғамда  да қарияларға  артылар  жауапкершілік  жүгі  салмақты  болғанын оқып  та  көріп  те  куә  болып  келеміз. Бір  айта кетерлігі көпті  көрген  көнеге  деген  үміт  пен  сенімге  селкеу  түскен  емес. «Ауылыңның  алдында  шығар  төбең  болса, ерттеп  қойған  атпен  тең, қазыналы  қартың  болса, жазып  қойған  хатпен  тең» деген  аталы  сөз  осындайда айтылғанына  ешкімнің дауы  жоқ.Үлкен  жүрген  жер  қашанда  береке. Жаратқан  ием  осы  берекесінен  айырмасын  деймін.

    Сөзім  дәлелді  болуы  үшін  Сарыжаз  ауылдық  ақсақалдар  алқасында атқарылып  келе  жатқан  іргелі  істерді  тілге  тиек  етпекпін. Ауылдық  ақсақалдар  алқасының  құрамы  9  адамнан  тұрады. Олар ауылдың  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайының  жақсаруына, мәдениетінің  көтерілуіне, тазалығына, әдет-ғұрыптың саф алтындай салмақты күйінде сақталуына лайықты  үлес  қосуда ақсақалдар атқарар міндет жүгі салмақты.  Сондай-ақ  мемлекетіміздің  сындарлы  саясатының  ауыл  көлемінде лайықты жүзеге  асуына  да  ақылман  қариялар лайықты үн қосудан жаңылған жоқ. Отбасындағы  татулық, жастар  тәрбиесі де   қариялардың  еншісінде  екенін  астын  сыза  отырып  айтуға  болады.

    Ауылдаға  ақсақалдар  алқасы  көпшілікті  еселі  еңбекке  ұйымдастырудан тыс  қалып  көрген  емес. Дәлелдерге жүгінер  болсақ, көктемгі  тазалық  айларында ауыл  әкімдігіне  қолдау  білдіру  мақсатында  ауылдың  төрт  түлік  малына  бада  ұйымдастыру, жайлауға  уақытында  көшуіне  мүмкіндік  тудыруда  жүйелі  жұмыстар жүргізді. Ауыз  су  мәселесіне  қатысты  тұрғындармен  ақылдасып, игілікті  іс-шараның  жүзеге  асуын  қамтамасыз  етті. Аудандық  аналар  алқасымен  бірігіп, мәдени-көпшілік  жұмыстар  ұйымдастыруға  негіз  қалады. Көркемөнерпаздар  концертін  ұйымдастырып, ауылдық  мәдениет  үйлерінде ойын-сауық ұйымдастырып, жүлделі  орындарды  иеленді. Сол  сияқты  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мақсатында  кәсіпкерлермен  біріге  жұмыстар  жүргізді.

   Әрине, ақсақалдар  алқасы  атқарар  жұмыстар  мұнымен  ғана  шектеліп  қалмақ  емес. Еліміздің  болашағы – жастарға  тәлімді  тәрбие  мен  бағыт-бағдар  беруде, тура  жол  нұсқап, ақыл-кеңес  айту қазыналы  қарттардың басты  міндеті. Міне, осыны  басшылыққа  алған  алқа  мүшелері  өздерінің жұмыстарын  алдағы  уақытта  да жандандыра беретін  болады.

 Бағашар  СӘРСЕНБАЕВ,

                                                ауылдық  ақсақалдар  алқасының  төрағасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password