Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл дәстүр 1988 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен бекітілген. Елбасы осы дәстүрді сақтап, 1998 жылы қарашаның әр үшінші жексенбісін Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні деп белгілеген болатын. Сондай-ақ, фермерлер еңбегінің-ел дамуына қосатын үлкен үлесін және оның маңыздылығын атап өтті.

 Осыған орай жуырда Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Мерейлі мерекенің басын аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов мерекелік құттықтау сөзімен бастады. Қазақстан Республикасының экономикасында ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқаратыны айтпаса да белгілі. Соның ішінде Жетісу жерінің климаттық және географиялық жағдайы егін шаруашылығының қарыштап дамуына үлкен мүмкіндік беретіні белгілі. Біздің ауданымызда ауыл шаруашылығындағы тағы бір маңызды сала – мал шаруашылығы. Ол халқымыздың ата кәсібі. Осындай кәсіптермен көптеп айналысып кәсіпкерлікті дамытуымыз керек екеніні аудан әкімі тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс еттілді. Мереке иелерін құттықтау үшін аудандық мәслихаттың депутаты Елжан Бестібаев сөз кезегін алып, ақжарма тілегін арнады. Бұл мереке аграномның да, комбайншының да, тракторшының да, сауыншының да, үлкен ферма төрағасының да, агрария ғалымының да, шаруақожалық қызметкерлерінің де төл мерекесі. Салтанатты шараның соңы ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 Өз тілшіміз

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password