АУДАН ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

Газеттің бір күні. Қым-қуыт қамасқан қарбаласқа толы. Әрбір санаулы сағаттарды асқан жауапкершілікке жұмсай білу журналистердің мінсіз міндетіне баланады. Әлмисақтан қалыптасқан қағиданы, алдыңғы аға газеттерден бастап, облыстық, аудандық баспасөздер де бір ізбен, бір жолмен бүгінге дейін ұсынып келеді. Осы үрдісті үзбей алып жүрген аудандық «Хантәңірі» газетінің ұжымы апта бастар алғашқы күнді апталық жоспарға арнайды. 
Ол алдымен редактордың қатысуымен өтетін редакциялық жиналыста көтеріліп, талқыланып, күн тәртібіне қойылады. Аудан тыныс-тіршілігіне арналған жиындар, басқосулар, жаңалықтар тілшілер тарапынан әзірленіп, өз уағында газет бетіне жіберіледі. Мұнымен қатар, шалғай ауыл, елді мекендерден келетін хат-хабарлар қорытылып, газет тіліне келтіріліп, мерзім, уақытына байланысты мақалалар қорына қосылады. Мұның сыртында тосыннан болатын жиналыстар, кездесулер де назарадан тыс қалмайды. Уақыт пен жауапкершілікті ұтымды пайдалануды журналистің шеберлігі шешеді. Өйткені жаңалықты дәл уақытында кешіктірмей, маңызын жоғалтпай оқырманға ұсыну оқырмандардың газетке деген сенімділігін арттырады. Ол үдеден шығып жүрген әріптестерге мың алғыс.

Әрбір газет номеріне дайындалған мақалалар алдымен шағын макетке жоспарланады. Жоспарланған макет арнайы бағдарлама орнатылған компьютер орталығына жолданады. Ол жерде дизайнер-беттеуші макет бойынша мақалаларды қажетті беттерге, белгіленген орындарға орналастырады. Барлық мақала компьютерге түскеннен кейін кезекші редактор мен корректор үш қайтар қатесін оқып, газетті баспаға дайындайды. Барлық беттер әзірленген соң редактор қол қояды, сөйтіп кезекті номер баспаға жөнелтіледі.

1- Суретте: Редакция алқасы. Ортада Хантәңірі газетінің редакторы Ғани Бейқұтбай, оң жақта редактордың орынбастары Жұмабек Тәліпұлы, тілшілер Айнаш Әлдибек пен Дастан Қасенұлы. Апталық газет номерін жоспарлауда.
2- Суретте: дизайнер-беттеуші Мақпал Тобажанова мен жауапты хатшы Серікжан Мурасилов. Кезекті номерді дайындау үстінде.
3- Суретте: Фототілші Елдос Ахметжан. Өз жұмысының шебері. Газет бетіне орналасатын суреттерді сараптап, сұрыптап әзірлейді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password