Аты-жөнін өзгерту туралы куәлікті қайта алу

       Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:
?Egov.kz порталына кіріңіз;
?Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
?Қызметті онлайн сұратыңыз;
?Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
?Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
?Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
?Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
?Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
?Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

?Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
?Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password