АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА  «ANTIKOR ORTALYǴY» АШЫЛДЫ

Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін «ANTIKOR ORTALYǴY» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды.

«ANTIKOR ORTALYǴY»-ның ашылуы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді.

Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис.

Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әкімі А.Баталов Алматы облысында да осындай сервис орталығын ашу бастамасын қолдады. Айта кету керек, республика көлемінде Алматы облысы «ANTIKOR ORTALYǴY» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету орталығы ашылатын 14-ші өңір болып табылады

 «ANTIKOR ORTALYǴY»-ның ерекшелігі Open Space форматында салынғаны болып табылады.

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда осындай ашық форматта жұмыс істейтін бір ғана құқық қорғау мекемесі болып табылады.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е. Мақажановтың айтуынша: ««ANTIKOR» сервистік орталығында іс жүргізу офицері, Департаменттің превенция басқармасының, сондай-ақ                  «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Бұл мамандардың барлығы азаматтардың өтініштерін тыңдайды, кеңес береді және заң шеберінде мәселелерді шешуге жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, «ANTIKOR» сервис орталығының алаңында арнайы мониторингтік топ пен ақпараттық-насихаттау штабының өкілдері негізгі жобалық бағыттар бойынша диалогтық кездесулер жүргізе алады».

«ANTIKOR ORTALYǴY»-ның  конференц-залында апта сайын тілшілер үшін брифингтер, онлайн-конференциялар, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен әлеуеметтік желіде тікелей эфирлер өткізілетін болады.

Айта кету керек, «ANTIKOR ORTALYǴY» — ның келушілері де үшін қолайлы жағдай жасалған, күту залы және балаларға арналған ойын бұрыштары жасақталған.

 

 

В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛСЯ СЕРВИСНЫЙ ЦЕНТР «ANTIKOR ORTALYǴY»

В городе Талдыкорган при Департаменте Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Алматинской области (Антикоррупционной службы) открылся антикоррупционный сервисный центр «ANTIKOR ORTALYGY», который будет работать в формате Open Space.

Открытие «ANTIKOR ORTALYǴY» прошло с участием Акима Алматинской области А.Баталова и руководителя Антикоррупционной службы по Алматинской области Е.Макажанова.

Стоит отметить, что сервисный антикоррупционный  центр «ANTIKOR ORTALYǴY», действую на принципах открытости, прозрачности и доступности призван реализовать концепцию «Слышащего государства» и станет открытой диалоговой площадкой для народа.

Примечание: Открытие сервисных антикоррупционных центров является инициативной председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции А.Ж.Шпекбаева. В свою очередь, аким Алматинскй области А.Баталов поддержал инициативу по открытию подобного сервисного центра и в нашей области. Алматинская область является по счету 14 регионом, где будет открыт антикоррупционный сервисный центр «ANTIKOR ORTALYǴY».

Особенностью нового антикоррупционного центра «ANTIKOR ORTALYǴY» является формат Open Space и прозрачные кабинеты. На  сегодняшний день Антикоррупционная служба  является единственным правоохранительным учреждением в Казахстане, работающим в таком открытом формате.

Как отметил, руководитель Антикоррупционной службы по Алматинской области Е.Макажанов: «В сервисном центре «ANTIKOR ORTALYǴY» с посетителями будут работать процессуальный офицер, сотрудники Управления превенций, проектного офиса «Жетісу-адалдық алаңы». Все эти специалисты будут выслушивать обращения граждан, консультировать и содействовать решению проблем. Кроме того, на площадке сервисного центра «ANTIKOR ORTALYǴY» представители специальной мониторинговой группы и информационно-пропагандистского штаба смогут проводить диалоговые встречи, мозговые штурмы по основным проектным направлениям. Кроме того, в сервисном центре можно будет получить юридическую консультацию и записаться на личный прием.

 В конференц-зале «ANTIKOR ORTALYǴY» еженедельно будут проводиться брифинги для журналистов, онлайн-конференциий, прямые эфиры с приглашением представителей государственых органов.

Стоит отметить, что для посетителей сервисного центра «ANTIKOR ORTALYǴY» созданы комфортные условия для ожидания, обустроена игровая зона для детей, если посетители возьмут их с собой на прием.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password