Алматы облысында 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды

     Эпидемия басталғаннан бері Алматы облысында да 413 КВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсімі 4,5% — ды құрап отыр. Карантиндік шаралар босағанға дейін бұл көрсеткіш 2,5% — дан аспағанын еске салған жөн.

Облыста карантиннің босаңсуына байланысты санэпид қызмет мамандары әкімдіктермен бірлесіп, сауда нысандарына карантиндік режимдердің сақталуын бақылау бойынша жұмысты күшейтті. Облыс бойынша мониторинг тобымен 3690 нысан тексеріліп, 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды.

«Қазіргі уақытта біз облыстық Прокуратурамен бірлесе отырып, карантин режимін бақылауды күшейту, және аудандық мониторингтік топтарының жұмыстары тиімділігін тексеру үшін облыстық мониторингтік топ құрдық»,-деді Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.

Егер, карантин режимін бұзу жалғаса берсе, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік режимді қайта күшейтуге мәжбүр боламын деуде.

Аудандар мен қала арасындағы бекеттердің жұмысын ұйымдастыру, бірқатар нысандардың қызметін тоқтату, қоғамдық көлік қозғалысын шектеу, бассейндер мен субұрқақтарды жабу секілді шараларға баруға, сонымен қатар, Қапшағай қаласында вирус жұқтырғандардың өсуіне байланысты қала жағалауындағы демалыс базаларын ашуды тоқтату жоспарлануда.

Бұдан басқа, мамандар қойған талаптарды бұзған жағдайда тұрғындар 462 бап, 3 бөлімі әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password