Алматы облысында 50 ден аса өрт оқиғасы орын алған

       2021 жыл басталғалы бері облыс аумағындағы табиғи парктерде құрғақ шөп 2 рет өртеніп, 6 Га көлемді қамтыған. Аталған тілсіз жаудан 80 Га астам алаң шөп өртке оранып, 50-ден астам жағдай тіркелген. Бұл туралы “Jetisy Media” ақпараттық алаңында мәлім болды.

Мамандардың келтірген статистикасына жүгінсек, көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде орын алған өрттердің 90% — дан астамы өрт қауіпсіздігінің бірқатар ережелерін сақтамаудан болған көрінеді.

«Алматы облысының ТЖД бастамасымен 2021 жылы 20 өрт сөндіру бекетін құруға 312 млн. 920 мың теңге қаражат бөлінген. Айта кететін маңызды жайт, 2019-2023 жылдары өртке қарсы құрылғысы жоқ елді-мекендер де өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарын іске асыруға жалпы мөлшері 1 млрд.736 млн. 706 мың теңге жұмсалмақ»,- дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының м. а. азаматтық қорғау майоры Манат Тұрымов.

Бүгінгі күнде жергілікті елді мекендердегі өрттің алдын алу мақсатында атқарушы органдар 4 мың 620 адамнан тұратын 343 өртке қарсы ерікті құрылымдарды жасақтаған.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password