Алматы облысында 24 501 улы газды анықтау құрылғысы орнатылған

    Жылыту маусымы басталған шақтан улы газбен улану жағдайы орын алып жатады. Арнайы рейд барысында 613 үйдің өрт қауіпсіздік ережелдерін бұзғаны анықталған. Бұл труалы « Jetisy Media» ақпараттық алңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімделді.

Облыста 386 870 жеке тұрғын үй есепте тұр. 15 024 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі. Тұрғын үйлердің ішінде 252 416 қатты отынмен жылынса, 130 656 орталық газ жүйесіне, 3 697 – орталық жылу беруге, қосылған. 101-электрмен жылытылады.

«15 тамыздан бастап халықтың осал топтарына тиесілі 2807 үйді араладық. Жұмыс барысында 5 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. 900-ден астам бұзушылық анықталды, оның 319-ы сол сәтте жойылды»,- дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Ахашов.

Негізінде халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізу тікелей байланыс кезінде де жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін:

— 26 жиын, 208 азаматқа нұсқау берілді

— 298 азаматтың қатысуымен 31 нұсқаулық жүргізілді.

2019 жылы облыс әкімдігімен бөлінген 169 млн. 490 мың теңгеге. халықтың осал топтарының үйлеріне 24 501 улы газды анықтау датчиктері сатып алынды және орнатылған.

Төтенше жағдай департаментіндегі мамандардың айтуынша, өрт қауіпсіздігінен бөлек, балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Айтуларынша, бөбектердің терезеден құлап кету қауіпі сейілмей тұр екен.

2020 жылдың 8 айында Алматы облысында 1 оқыс оқиға тіркеліп, бүлдіршін жарақат алған. Мамандар, балардың әлі қауіптің не екенін бағамдай алмайтынын алға тартып, дабыл қағуда. Сол себепті ересектерге балалардың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар деп ескертпелер жасауда.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан келесі қауіпсіздік ережелерін ұстануды сұрайды:

— пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдетіп, балаңыз қаралуда екеніне көз жеткізіңіз.

— желдету кезінде фрамугаларды немесе терезелерді ашыңыз. Егер сіз әлі де терезені ашсаңыз, оны 10 см — ден артық ашпаңыз, қауіпсіздік үшін терезелерге торлар мен блокаторларды орнатыңыз.

— баланың балконға ересектердің көмегінсіз шығуына рұқсат бермеңіз.

— ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге көтеріле алады.

— барлық жиһаздарды, төсектерді терезеден алшақ орнатыңыз.

— балаға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз.

— баланы терезеге қарау немесе балконнан сыртқа қарау үшін аяқтың астына орындықты немесе басқа құрылғыны ауыстыруға үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, ол тым қатты шығып, терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.

— егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе қорқыныш сезінген балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарап, құлап кетуі мүмкін.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password