Алматы облысында 1430 адам індет жұқтырды

       Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 8861 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 3546 адамнан ауырудың белгілері анықталған. Індеттің таралуы бойынша Текелі мен Талдықорған қалалары көш бастап тұр. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,0 % — ға дейін ұлғайған.
Жоғары да аталған қос қалдан бөлек, Қапшағай қаласы, Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу, Панфилов аудандарында кеселдің өсу қарқыны үдей түскен.
Соңғы тәулікте 71 жағдайы анықталып, өткен аптаның қорытындысы бойынша Алматы облысында 1430 адамның кеселді жабыстырғаны айқындалып отыр.
Әуелде, ел арасында «тәжді тажал» деп аталған инфекциямен күресте облыстық денсаулық сақтау саласы барын салуда. Бүгінгі күні, медициналық мекемелердің жағдайы жақсарып, емалушылардың аяқтан тік тұруына кең ауқымда көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, өңірде инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 — ден 1300-ге дейін артты. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке жеткізілген болатын. Сондай-ақ,
мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен жабдықталды.
Айта кетейік, облыста жағдайы ауыр науқастар мен балаларға арналған көпсалалы ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылған еді. Қажет болған жағдайда төсек-орынсаны 5280-ге дейін ұлғайтылады.
«Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры бар. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн.теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды»,-дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password