Алматы облысында бір қатар кәсіпорындар жұмысына кірісті

      Коронавирустың салдарынан Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан болатын.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен кәсіпорындар жұмысына қайтадан кіріседі. Ендігі де, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, нотариустар алдын ала жазылу бойынша және Наурызбай ауданындағы ХҚКО-ның бір филиалы (бизнеске қызмет көрсету үшін ғана) жұмыс жасайды.
Бірақ Алматы қаласында карантиндік режимнің жалғасып жатқандығын ескерген жөн. Сондықтан, басқа облыстардың тұрғындары ол жерге бара алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, облыс азаматтары үшін қатаң карантиндік шаралар қолданылады. Осыған байланысты облыста жүруге, қалаларға, облыс орталықтарына, аудандарға шығуға және кіруге тыйым салынған.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password