Алматы облысында бір адам «тәжді вирустан» айықты

      Алматы облысында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты. 20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, үйіне шығарылды. Емделушіге 8 сәуір күні жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті. Инфекция жұқтырған азаматпен қарым-қатынас жасаған 2 адам мен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс екені анықталды.

10 сәуір күнгі жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Олардың бірі аяғы ауыр азаматша.

«Қазіргі таңда азаматтардың денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ”, — деп айтып өтті Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ

Еске сала кетсек, азамат Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылғы. 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген болатын.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password