Алдағы міндет ауқымды

Аудан орталығындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте ел игілігіне бағытталған бірлікті жиын өтті. «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясында нақты істер айтылып, халықтыңәлеуметтік ахуалы тілге тиек болды. Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Жолан Омаров аталмыш жиын шымылдығын ашып, шара барысын тізгіндеді. Конференцияға шақырылған делегаттар толық қатысып, шара барысында делегат емес партия белсенділері, аудандық мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері  бой көрсетті.

Қатысушылар бірауыздан конференция жұмысы ашылсын деп дауыс беріп, жиын басталысымен дауыс беру тәртібі келісілді. Күн тәртібіндегібірінші мәселеЕлбасы Н. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII сьезіндегі тапсырмаларын «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», жобаларын іске асыру болды. Осы бойынша «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнара Арипова баяндама жасады. Ол өз сөзін ірі саяси науқанның куәгері болғандығымыздан бастап, осыдан бір жарым ай ғана құрылғанына 20 жыл толған партияның сол уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтіп, Елбасы берген тапсырманың ауқымды орындалу жүйесін жеткізді. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайнарттыру бойынша, білім мен мденсаулықсаласын жақсарту, өңірлерді кешенді дамыту, тұрғын үй мәселесінің шешіліу жөнінде атқарылған шаралар тізбегін жеткізді.  Қазіргі уақытта бұрынғы партиялық жобалармен қатар жаңа ұлттық төрт жобаны іске асыруға кіріскендігін тілге тиек етіп, осы жобалардың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. «Алғашқы «Халыққа көмек» жобасы бойынша үш нақты міндет анықталған. Қоғамның өзектісұранымдарына жедел әрекет ету арқылы мемлекеттікоргандардың назарын аудару, халықпен тиімді, тығыз байланыс қалыптастыру, азаматтардың мәселелерін шешуге қоғамның белсенді бөлігін тарту. Аталған міндеттерді шешу үшін елімізде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жанынан 234 біріңғай әлеуметтік терезе ашылып, оған бюджеттен 3 млн. 380 мың қаражаттың бөлінгендігін жеткізді. Аталмыш әлеуметтік терезе ауданымызда да құрылып өз жұмысын жүргізуде. Мобильдік құрамы анықталып, БАҚ-қа хабарландырулар беріліп, қажетті мамандардың шақыру жұмыстары жүргізілуде. Өтініштер ауызша, жазбаша, онлайн, ватсап, электронды үкімет порталы, әлеуметтік желілер арқылы хабылданып, күнделікттіорталық базаға тіркеліп, есеп берілуде екен. Осыған дейін аталмыш жұмыстар бойынша 361 адамға кеңес беріліп, жұмыспен қамту орталығында кеңес алуға 30 адам, ауылдық округ әкімдіктерде 500-ге жуық адам «Нұр Отан» партиясы филиалына 23 өтініш түсіп, осылардың 40 пайызы оң шешімін тапты. Өзге де атқарылған нақты істерге тоқталған Гүлнара Рауанқызы жалпы жұмыстың оңтайлы атқарылуын  аңғартты.

            Келесі болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімінің әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі Айкүміс Рүстемқызыбаяндама жасады. Ол өз сөзінде аталмыш бағыт бойынша жұмыс тобының құрылып, ағымдағы жылдың көпбалалы аналар және аз қамтылған отбасылармен жұмыс жасайтын топтардың құрылған дығын, аудан әкімдігінде көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылармен өткен кездесу өткендігін жеткізді. Және де әр елді мекендегі халықтың тұрмысы төмен отбасыларын анықтау бойынша зерттеу жқмыстарының жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, аудан бойынша анықталған 824 көпбалалы отбасына көмек көрсету шараларының жүргізіліп жатқанын сөзіне қосты. Өзге де жұмыстар бойынша нақты ақпараттар айтылып, жоспар жүйеленді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Гүлнара Рауанқызы Облыстық партия филиалының квотасына сәйкес ауданымыздан төрт делегатты облыстық партия конференциясына ұсынуға шақырды. Осыған орай қатысушылар кандидаттарды қолдап, бірауыздан дауыс берді. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданып, конференция тәртібі бойынша сын-ескертпелер болмады. «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Жолан Ыбрайақынұлы қатысушыларға болашақтағы мақсат-міндеттерге айқын қарап, тек қана бірлесе отырып табысты еңбек етуге шақырып, шара шымылдығын жапты.

 

 

Құралбек СӘБИТОВ

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password