Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

       Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
?Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
?Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
?Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
?Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
?Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

?Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
✅Некеге тұру туралы куәліктің;
✅Некені бұзу туралы куәліктің;
✅Туу туралы куәліктің;
✅Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
✅Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
✅Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

?Қызмет көрсету құны:
✅Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
✅Анықтама үшін – 0,3 АЕК

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password