Ұлтымыздың ұлы перзенті

    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында хәкім Абайдың 175 жылдығы турасында кең молынан жазылды. Мақаланың мән-мағынасы тереңде жатыр. Бұл мақалада президентіміз өзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскісі келгендігін айтты.
Поэзияны алып мұхит деп алсақ, Абай сол мұхиттағы алып кемесі сияқты кеңінен жүзіп келеді. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізгені белгілі. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген. Абай ұлтымыздың әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы және сазгер ретінде өшпестей із қалдырғанын білеміз. «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Соның ішінде жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде айтқан әрбір сөзінің маңызы зор. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды.
Ұлттық сананы сақтаумен заман талабына бейімделуде Абайдың өз тұсында айтқан ой-пікірлері әлі күнге өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Болашақ ұрпақ тәрбиесінде әлем таныған Абайды үлгі етуіміз, ұлтмыздың болмысын өскелең ұрпаққа дәріптеуіміздің қазақи үлгісі болмақ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Данышпан ақынымыз ұлт тәрбиешісі ретінде ұлықталуы, ұлтымыздың ұлылығының жемісі.
Жанна Төленқызы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, №166 балабақшаның тәрбиешісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password